Түркістандық спортшы Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

0
1 094

​Малайзияда жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі Азия чемпионаты өтті.


Түркістандық спортшы Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

Каратеден Малайзияда өткен жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшысы жеңімпаздар тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Малайзия елінде сәуір айының 26-28 күндері Кота-Кинабалу қаласында өткен Азия чемпионатына 30-ға жуық мемлекет қатысып, 500 астам спортшылар бақ сынасты.

Қазақстаннан аттаған Түркістан облыстық №2 Олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінің спортшысы Құлжанов Олжас Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.