​Түркістандық спортшылар қос алтынды қанжығаға байлады

0
1 218

Тәуелсіздік күніне орай Грепплингтен ересектер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті.


​Түркістандық спортшылар қос алтынды қанжығаға байлады

Желтоқсан айының 8-9 күндері елордамыз Астана қаласында Тәуелсіздік күніне орай Грепплингтен ересектер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы болып, жарыста түркістандық спортшылар қос алтынды қоржынға салып қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кіл мықтылар жиналған айтулы бәсекеде түркістандық бабы мен бағы келіскен спортшылар Абызов Бақдаулет пен Тұрсынов Береке боз кілемде күш сынасқан болатын. Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-де жаттықтырушы қызметін атқаратын, Грепплинг ги түрінен бақ сынаған Береке Тұрсынов қарсыластарына еш мүмкіндік берместен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты.

Жарыстың келесі күні боз кілемге шыққан Бақдаулет Абызов қарсыластарын ойсырата жеңіп тұғырлы 1 орыннан көрінді.
Тәуелсіздігіміздің 27
жылдығына орай ұйымдастырылған айтулы бәсекеде жеңіске жеткен түркістандық қос спортшы мереке қарсаңында жерлестеріне осылайша сый жасады. Алдағы уақытта да спорттың бұл түрінен жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне үміт артылған спортшылар қазақ елінің көк байрағын әлем елдері арасында желбіретеріне сенім мол.
Дереккөз: "№4ОРМБЖСМ-ақпарат"