УЕФА Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасын тоқтатуы мүмкін

0
585

Нақты шешім бүгін шығуы тиіс.


УЕФА Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасын тоқтатуы мүмкін

ERNUR.KZ. Суперлига пайда болғаннан кейін, УЕФА жақын арада Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ары қарайғы тағдырына байланысты шешім шығарады, деп жазады vesti.kz.

Дереккөзге сенсек, УЕФА соңғы шешімді осы дүйсенбіде, яғни бүгін қабылдауы тиіс.

Чемпиондар Лигасының жартылай финалына жолдама алған командалар ішінен Суперлигаға қатысуға "Челси", "Реал" және "Манчестер Сити", ал Еуропа Лигасының жартылай финалына өткендерден "Манчестер Юнайтед" и "Арсенал" келісім берген.

Жуырда ғана 12 топ-клуб кіретін Суперлиганың пайда болғаны туралы ақпарат тараған еді. Қалған сегіз команданың аты жақын арада жарияланады. Турнир 2021 жылдың тамызында басталады деп күтілуде.

Gazzetta dello Sport ақпараты бойынша, УЕФА жаңа турнирге қатысамыз деген командаларға қарсы 50-60 миллиард еуро көлемінде арыздануы ықтимал. Бұдан бөлек, УЕФА бұл клубтарды еурокубоктерден дисквалификация жасауы мүмкін.