UFC рейтингінде көш бастап тұрған спортшы вирус жұқтырды

0
573

Оның әйелі де вирус жұқтырыпты.


UFC рейтингінде көш бастап тұрған спортшы вирус жұқтырды

ERNUR.KZ. UFC ұйымында өнер көрсететін бразилиялық спортшы Марлон Мораес коронавирус жұқтырып алды, деп жазады vesti.kz.

"Өкінішке қарай, мен және жұбайым вирус жұқтырып алдық. Әлсіздік сезіндік. Вирустың симптомдары білінді. Құдайға шүкір, ауруханаға жатқан жоқпын. Бірақ жұбайымды алып баруға мәжбүр болдым. Біз емханада бір күн болдық. Ол дәрі қабылдап, медбикелердің бақылауында болды", - деп келтіреді Мораестің сөзін ESPN.

Аралас жекпе-жекте Мораес 23 кездесуде жеңіске жетіп, алтауында жеңілген және бір рет ол тең түскен. Қазір спортшы жеңіл салмақта UFC рейтингінде бірінші орында келеді.