Ұлттар лигасының матчі үлкен сенсациямен бітті

0
423

Кеше А дивизионындағы үшінші топта өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды.


Ұлттар лигасының матчі үлкен сенсациямен бітті

ERNUR.KZ. Футболдан Англия құрамасы Ұлттар лигасы төртінші турында күтпеген жерден Венгриядан ұтылды, деп жазады Vesti.kz.

Кеше А дивизионындағы үшінші топта өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Роланд Шоллои (16 және 70-минут) дубль жасады, ал Жолт Нодь (80) және Даниэль Газдаг (89) бір голдан салды. Ағылшын командасы 82-минутта Джон Стоунза алаңнан қуылғаннан кейін матчты азшылықта аяқтады.

Осылайша, Англия топтық кезеңде екінші рет ұтылып отыр және екі ойын тең түсті де екі ұпаймен соңғы орында. ал Венгрия жеті баллмен квартетте көш бастады.