​Ұлттық спорт ойындары мәресіне жетті

0
1 800

Көкпар ойындары тартысты өтіп, онда ұпайлар бойынша Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы жеңімпаз атанды.


​Ұлттық спорт ойындары мәресіне жетті

3 қараша күні Шымкенттегі орталық атшабарда Мемлекет және Қоғам қайраткері, Социалистик Еңбек ері Асанбай Асқаров атындағы көкпардан XVI, аударыспақтан VI, жамбы атудан II және теңге ілуден I - халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көкпар ойындары тартысты өтіп, онда ұпайлар бойынша Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы жеңімпаз атанды. Ал, 2 – орын үшін Түркістан облысының «Құлагер» және Алматы қаласының көкпар командасы сайысты. Тартысты өткен ойында 8:1 есебімен түркістандық шабандоздар жеңімпаз атанып, турнирдің екінші орынын иеленді.
Ал, теңге ілу спортынан түркістандық спортшыларға тең келетін қарсылас шақ келмеді. Онда Рахат Комбаров барлық қарсыласынан мықты екенін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ал, Азия чемпионы Ғалымжан Ізжанов бұл жолы екінші орыннан көрінді.
Жамбы ату спортынан Ералхан Айкөз бірінші орынды иеленді. Аударыспақ спортының жеңімпаздары мынадай: 60 келі: Ерлік Құралбай (Түркістан облысы) 70 келі.