Үндістанның Жоғарғы соты жезөкшелікті кәсіп деп таныды

0
815

Бұл жұмысшы табына жататындар құқығы Конституция шеңберінде қорғалып, басқа да құқықтарға ие бола алады.


Үндістанның Жоғарғы соты жезөкшелікті кәсіп деп таныды

ERNUR.KZ. Жоғарғы сот секс-индустрия жұмысшылары қамауға алынбауы, жазаланбауы және қудалауға жатпауы керек, өйткені мұндай қызмет заңды деп қаулы шығарды, деп жазады zakon.kz.

Ендігіден бастап бұл жұмысшы табына жататындар құқығы Конституция шеңберінде қорғалып, басқа да құқықтарға ие бола алады, деп хабарлайды Asian Age жергілікті басылымы.

Жоғарғы сот секс-индустрия жұмысшылары қамауға алынбауы, жазаланбауы және қудалауға жатпауы керек, өйткені мұндай қызмет заңды деп қаулы шығарды.

Басылым атап өткендей, қаулы ең алдымен полицияға бағытталған, оған сәйкес сот құқық қорғау саласына секс-индустрия жұмысшылары мен олардың балаларына қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан аулақ болу міндетін жүктейді. Сондай-ақ сот БАҚ саласын азаматтардың осы санатының құпиялылығын қамтамасыз етуге және олардың аты-жөндерін жария етпеуге міндеттеді.

Үндістанда жезөкшелікке заңмен рұқсат етілген. Сарапшылардың пікірінше, елде бұл салада шамамен 2 миллион әйел жұмыс істейді.