Универсиада: Қазақстан студенттер құрамасы қола жүлдеге таласады

0
988

Қазақстан студенттер құрамасы топтық кезеңде бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ.


Универсиада: Қазақстан студенттер құрамасы қола жүлдеге таласады

ERNUR.KZ. Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындары аясында шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда Словакия құрамасының жеңіліп қалды. Енді олар қола жүлде үшін сайысқа түседі, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш кездесуде есеп 4-минутта ашылды. Словакия сапынан Ян Злоха мергендік танытты. Ал 30-минутта Эрик Смокла словак құрамасының басымдығын арттыра түсті. Аталмыш құрама сапынан 36-минутта Себастиан Смида есепті ұлғайтты. Ойынның бітуіне 38 секунд қалғанда словакиялық хоккейші Даниэль Рзавски есепті ұлғайтты - 0:4. Қазақстан құрамасы универсиадада алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазақстан студенттер құрамасы топтық кезеңде бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ. Қазақстандық хоккейшілер Латвияны 10:1 есебімен жеңсе, одан кейін Швециядан 5:1, Ұлыбританиядан 17:1, Швейцариядан 7:0, Канададан 4:3 есебімен басым түсті .

Жартылай финалдың тағы бір кездесуінде Ресей Канаданы 5:1 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан жастары 12 наурыз күні Канадамен шеберлік байқасады. Аталмыш ойын Астана уақытымен 14.00-де QazSport телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.