​ҰОС және Еңбек ардагерін еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті

0
1 098

Турнирге көршілес елден де командалар келді.


​ҰОС және Еңбек ардагерін еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті

Осы жылдың желтоқсан айының 14-18 күндері аралығында Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Қоңырат ауылдық округінде «ҰОС-ның және Еңбек ардагері С.Жылқыбайұлын еске алуға» арналған бокстан 2004-2005, 2006-2007, 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жарысқа Өзбекстаннан Сырдария және Жыззах командалары мен Шардара және Төлеби аудандары мен Мақтаарал мен Жетісай ауданының командаларынан барлығы 134 спортшы жиналды. Спортшылар 16 кг салмақ дәрежесі бойынша бокстасты.

Жарыстың ашылу салтанатына Мақтаарал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Тәтеев, Қоңырат ауылдық округінің әкімі Л.Нұртаева және С.Жылқыбаевтың ұрпақтары қатысты. Жарысқа Жетісай ауданының командаларынан 7 спортшы қатысып 1 алтын, 3 күміс медальды иеленді.
Атап айтсақ, І орын - Б.Момышұлы ЖОМ Тасболат Ерасыл, ІІ орын -М.Горкий ЖОМ Қайрат Сұңқар, №119 ЖОМ Сапарбек Ернұр, Жорабай Ерасылдарға бұйырды.
Жарыста жеңімпаз және жүлдегер болған спортшылар ұйымдастырушылардың арнайы диплом мен медаль және кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың үздік боксшысы, жеңіске деген құштарлығы, үздік төрешілер номинацияларымен боксшылар мен төрешілер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Дереккөз: Жетісай Спорт