Әуесқой футбол лигасының командалары Еуропаға шығу мүмкіндігіне ие болды

0
1 309

Шымкентте әуесқой футбол лигасы 2014 жылы​ ашылып, осы күнге дейін дәстүрлі тәрізде турнирлер ұйымдастырылып келеді. ​


Әуесқой футбол лигасының командалары Еуропаға шығу мүмкіндігіне ие болды

Шымкенттің әуесқой футбол лигасының жеңімпаздары келісі жылдан бастап, Қазақстан футбол федерациясының кәсіпқой футбол лигаларында бақ сынайтын болды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық және әйелдер футболы, футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осы орайда айта кетсек, 2018 жылдан бастап, Қазақстан футбол федерациясы әуесқой футбол командаларын кәсіпқой клубтармен бірге ойнауға рұқсат берді. Нәтижесінде әуесқой футболшылар ел чемпионатында өнер көрсетті. Оңтүстік Қазақстан әуесқой лигасының президенті Талғат Әмірбеков лигаға көмек беріп жатқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаевқа алғысын білдірді.

Шымкентте әуесқой футбол лигасы 2014 жылы ашылып, осы күнге дейін дәстүрлі тәрізде турнирлер ұйымдастырылып келеді.