Валентина Исламова әйелдер күресінен Токио олимпиадасына жолдама иеленді

0
1 177

Исламова ширек финалда түркиялық Евин Демирханды 12:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.


 Валентина Исламова әйелдер күресінен Токио олимпиадасына жолдама иеленді

ERNUR.KZ. Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты. 50 келіде белдесетін Валентина Исламова Олимпиада ойындарының лиценщиясын жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

Исламова ширек финалда түркиялық Евин Демирханды 12:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша, 50 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының лицензиясына иелік етті.


Исламова жартылай финалда румыниялық спортшымен финал жолдамасын сарапқа салады.