Василий Левит әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірер емес (видео)

0
623

Қазақстандық боксшы Василий Левит Екатеринбургтегі әлем чемпионатында кезекті қарсыласын жеңді. Дода 21 қыркүйекке дейін жалғасады.


Василий Левит әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірер емес (видео)

ERNUR.KZ. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп келеді. Ол 1/8 финалында Марат Григорянді жеңді, деп жазады sputniknews.kz.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит украиналық қарсыласы Марат Григоряннан ұпаймен басым түсті.

Енді қазақстандық спортшы иорданиялық боксшы Хуссейн Ишаишпен жекпе-жек өткізеді.

Әлем чемпионаты 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

Левит 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол жартылай финалда кубалық қарсыласын жеңді. Алайда финалда ресейлік Евгений Тищенкодан ұпаймен жеңілді.Кейін бұл жекпе-жектің төрешілеріне Ойындарда төрешілік етуге тыйым салынды. Бірақ жекпе-жектің нәтижесі қайта қаралған жоқ.