Владислав Яковлев Токио олимпиадасын аяқтады

0
360

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы 7:03.37 уақытта тиісті қашықтықты бағындырып, өз тобында бірінші болды.


Владислав Яковлев Токио олимпиадасын аяқтады

ERNUR.KZ. Токиода академиялық есуден ерлер арасында D финалы мәресіне жетті, деп жазады olympic.kz.

Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Владислав Яковлев сынға түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы 7:03.37 уақытта тиісті қашықтықты бағындырып, өз тобында бірінші болды. Нәтижесінде, Владислав Яковлев жалпы жарыс қорытындысы бойынша 19 орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, D тобындағы спортшылар бүгін өзара 19-24 орындарды сарапқа салды.