WBC жаңа белбеу шығарды

0
1 049

Бұл белбеуді алғаш рет Головкин мен Альварес сарапқа салу керек еді.


WBC жаңа белбеу шығарды

ERNUR.KZ. WBC президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желілердегі парақшасында Мексиканың келе жатқан тәуелсіздік күніне орай арнайы белбеу ұсынды, деп жазады Prosports.kz.

Жаңадан жасалған белбеудің кімге тиесілі болары әлі белгісіз. Бүкіләлемдік бокс ұйымының президенті WBC жекпе-жектер күнтізбесіне қарап, бұл белбеу қай кездесуде сарапқа салынатыны жақында шешілетінін мәлімдеді.

Ақпараттарға сенсек, «арнайы» белбеу үшін алғаш болып Геннадий Головкин мен Сауль Альварес таласуы керек болатын. Алайда, қос боксшының күздегі кездесуі кейінге қалдырылған еді.