"Қыран" жастары ЦСКА-ға есе жіберді

0
1 110

Кеше 20 сәуір күні футболдан Қазақстан чемпионатының 2 лигасының 4 – тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Кеше 20 сәуір күні футболдан Қазақстан чемпионатының 2 лигасының 4 – тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттің «Қыран» жастар командасы Алматының ЦСКА ұжымына қарсы алаңға шықты. Осы орайда айта кетсек, алматылықтар өткен турда Шымкенттің «Жас Ұлан» клубымен 0:0 есебімен тең ойнаған болатын.

Бұл жолы ЦСКА футболшылары қарсыластарын ойсырата 3:0 есебімен жеңді. 32 – минутта Аслан Оразаев «Қыран» жастар командасының қақпасын нысанаға алып есепті ашты. 40 – минутта Самит Чулагов пенальтиден есепті 2:0 ге жеткізді. Ал, 71 – минутта Аслан Оразаев дубль авторы атанды. Қалған минуттарда шымкенттіктер қарымта шабуылмен гол соғу әрекетінде болды. Бірақ, алматылықтардың қақпашысы соққыларды қайтарды. Осылайша ЦСКА командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.