Юлия Путинцева US Open 2019 чемпионын жеңді

0
451

​Екінші айналымда жерлес спортшы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды.


Юлия Путинцева US Open 2019 чемпионын жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирін сәтті бастады, деп жазады sputnik.kz.

Путинцева (әлемнің 44-ші ракеткасы) бірінші айналымда Канада өкілі Бианка Андреескуды (әлемнің 37-ракеткасы) 7:6 (7:2), 6:2 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.
Екінші айналымда Юлия бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды.
Ал Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің бірден екінші айналымынан бастайды. Ол чехиялық Каролина Плисковаға қарсы ойнайды.