Зарина Дияс Шэньчжэнь турнирінің ширек финалына шықты

0
581

Дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған Зарина екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен күш сынасты.


Зарина Дияс Шэньчжэнь турнирінің ширек финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық Зарина Дияс Шэньчжэнь (Қытай) WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған Зарина екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен күш сынасты.

Әлемнің 8-інші, осы жарыстың бірінші ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичті жолдан тайдырған 21 жастағы А.Блинкова оңай қарсылас емес.

Бірінші сетте 26 жастағы З.Дияс қарсыласын оңай ұтты – 6:1.

Есесіне екінші партия аса тартысты өрбіді. Біразға дейін теннисшілер брейк алмасумен болды. Тай-брейкте қазақстандық спортшы екі мәрте матчболын пайдалана алмады. Ақыры мұнда А.Блинковаға сәттілік жолдас болды – 7:6 (11:9).

Үшінші, шешуші сетте Зарина брейкпен алға шықты – 2:0. Әйтсе де ресейлік спортшы таразы басын теңестіре алды – 2:2. Есеп 4:4 болғанда, қазақстандық спортшы брейк жасап, сосын матчқа доп берді. Бұл жолы ол өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Шиеленіспен өткен бәсеке 2 сағат 47 минутқа созылды.

З.Дияс Шэньчжэнь додасының (жүлде қоры – 750 мың АҚШ доллары) жартылай финалына шығу үшін әлемнің 35-інші, осы турнирдің 6-ракеткасы, Ролан Гаррос, Уимблдон жарыстарының жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен таласады.