Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды (видео)

0
753

Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутиновтың арасындағы жекпе-жек қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.


Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Сочи қаласында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 95 турнирі өтті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның басты жекпе- жегі қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутиновтың (19-6) арасында өтті. Бәске Жұмағұловқа тиесілі Fight Nights Global чемпионы титулы тігілді. Бес раундқа есептелген жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті.


Осылайша Жалғас Жұмағұлов өзінің чемпиондық титулын сәтті қорғап, кәсіби карьерасындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал бұрын UFC-де бағын сынаған ресейлік спортшы жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Әли Багаутиновтың төрешілердің шешіміне көңілі толмады.

"Шынымды айтсам, мамандардың барлығы менің жеңгенімді айтып жатыр. Төрешілердің шешімімен дауласпаймын, бірақ біз менің командаммен бірге апелляцияға береміз. Қалай болатынын көре жатармыз", - деді Багаутинов.