Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты

0
890

Жұмағұлов осымен төртінші рет жеңіліп отыр.


Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты

ERNUR.KZ. Жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы кездесуін бразилиялық Раулина Пайваға қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz.

Бірінші раундта бразилиялық спортшы басым болып көрінген. Ал оның соңында қазақстандық мықты көрінді, тіпті тейкдаун жасай алды.

Екінші бес минуттықта Жұмағұлов белсендірек болды және қарсыласына жақсы соққы жасаған. Екінші раундтың соңында қазақстандық тағы бір тейкдаун жасаған.

Шешуші, үшінші раундты екі жақ дүркін соққыласты. Жекпе-жектің аяқталуына бір минут қалғанда Пайва қазақстандыққа белден төмен соққы жасап, кездесу тоқтатылды. Кездесу жалғасқанда Жұмағұлов тағы бір тейкдаун жасай алды, бірақ төрешілердің шешімі түсініксіз - бразилиялық қарсыласы 29-28 есебімен жеңіске жетті.

Жұмағұлов осымен төртінші рет жеңіліп отыр. Оның рекорды - 13 жеңіс. Пайва ММА-да 20-шы жеңісіне жетті. Үш жеңілісі бар. UFC-де бұл қатарынан екінші жеңісі. Сондай-ақ, бұл промоушен аясында ол екі рет жеңіліске ұшыраған