​Жәнібек Әлімханұлы 13 нокауты бар "жалдамалы баскесермен" жұдырықтасады

0
1 330

25 жастағы қазақстандық 2 ақпан АҚШ-тың Фриско қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады.


​Жәнібек Әлімханұлы 13 нокауты бар

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болады, деп жазады Vesti.kz.

25 жастағы қазақстандық 2 ақпан АҚШ-тың Фриско қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады.

BoxRec.com ақпаратынша, қазақстандықтың қарсыласы The Hitman (жалдамалы баскесер) лақап атты америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Әлімханұлы үшін бұл АҚШ-тағы үшінші жекпе-жегі. Құрама Штаттарда ол алғаш рет 28 қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер шешімімен колумбиялық Карлос Галвананы (16-8-1, 15 КО) жеңді. Қарашада америкалық Вон Александерді жеңді.