Жәнібек Әлімханұлы 20 рет жеңіске жеткен америкалықпен айқасады

0
568

Жекпе-жек 28 наурызда Канаданың Монреал қаласындағы бокс кешін ашады.


Жәнібек Әлімханұлы 20 рет жеңіске жеткен америкалықпен айқасады

ERNUR.KZ. ESPN журналисі Стив Ким жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі айқасындағы қарсыласының есімін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Жәнібек 26 жастағы америкалық Дмитриус Баллардпен (20-0-1, 13 КО) айқасады. Жекпе-жек 28 наурызда Канаданың Монреал қаласындағы бокс кешін ашады. Мұнда Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) — Мэн Фаньлун (16-0, 10 КО) айқасы басты оқиға болмақ.

«28 наурызда Монреальда Артур Бетербиев титулын қорғайтын шоуды Жәнібек Әлімханұлы мен Дмитриус Баллард жекпе-жегі ашатындығы айтылуда», - деп жазды Ким. Бұған дейін Әлімханұлымен айқастан Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Стив Роллс бас тартқаны мәлім болған еді.