Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірді

0
2 958

Жәнібектің есебінде жеті жеңіс бар.


Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) өзінің кәсіби рингтегі жетінші айқасын өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол кеше Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жекпе-жекке шықты.

Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді және де екінші, бесінші раундта қарсыласын ногдаунға түсірді.

Енді Жәнібектің есебінде жеті жеңіс бар, ал МакЛеллан өзінің кәсіби бокста төртінші рет сүрініп отыр.