Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық "Сиқыршыны" екінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

0
562

Бірінші раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірген еді.


Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық

ERNUR.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын жеңілмеген қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалды, - деп жазады Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтті. Жәнібектің қарсыласы 23 жастағы "Сиқыршы" лақап атты аргентиналық Гонсало Кория (16-4, 6 КО) болды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісініде аяқталды. "Сиқыршы" Жәнібектің ауыр соққысынан кейін орнынан тұра алмады. Оған дейін қазақ боксшы Корияны бірінші раундта-ақ есеңгіретіп, нокдаунға түсірген еді.

Бөлісу