Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке шығатын болды

0
1 050

GGG одан жеңіліп қалды, ал мен Геннадийдің жерлесімін, сол үшін «Канелоны» жеңіп, титулдарын Қазақстанға қайтарғым келеді»,


Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке шығатын болды

ERNUR.KZ. Орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алдағы уақытта WBA (Super)/WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) айқасуға ниеті барын білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Канело» - менің салмағымдағы чемпион. Мен әлем чемпиондарымен бокстасқым келеді. Сондықтан «Канелоға» да дайынмын. GGG одан жеңіліп қалды, ал мен Геннадийдің жерлесімін, сол үшін «Канелоны» жеңіп, титулдарын Қазақстанға қайтарғым келеді», - деді Жәнібек Fino Boxing арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, кеше Жәнібек АҚШ-тың Фриско қаласындағы (Техас штаты) The Ford Center at The Star аренасында «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңген болатын.