Жапония билігі: Токиодағы жазғы Олимпиада өтпеуі мүмкін

0
1 111

Бұның алдында ұйымдастырушылар жарыстарды шетел жанкүйерлерінсіз өткізу туралы шешім қабылдаған.


Жапония билігі: Токиодағы жазғы Олимпиада өтпеуі мүмкін

ERNUR.KZ. Жапония билігі биыл Токиодағы жазғы Олимпиада өтпей қалуы мүмкін екенін жасырмайды. Билік басындағы Либерал-демократиялық партияның бас хатшысы Тосихиро Никаи осылай деп мәлімдеді, деп жазады Азаттық.

Оның айтуынша, коронавирусқа қатысты жағдай өршіп, COVID-19 жұқтырғандар көбейсе, Олимпиада ойындарын өткізу қиындап, жарыстан бас тартуға тура келеді.

Вакциналауға жауапты министр Таро Кононың "Асахи" телеарна эфирінде жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екенін айтты. Бұның алдында ұйымдастырушылар жарыстарды шетел жанкүйерлерінсіз өткізу туралы шешім қабылдаған.

Токиода жазғы Олимпиада былтыр өтуі тиіс болған, бірақ Ойындар коронавирус пандемиясына байланысты биылғы маусым айына ауыстырылған.

Kyodo агенттігінің сәуірде жүргізген сауалнамасы бойынша, Жапония тұрғындарының 72 пайызы Олимпиада ойындарының өтпеуін немесе кейінге қалуын қолдаған.