Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Рекорд орнатқандар 100 мың доллармен марапатталады

0
1 133

Екінші және үшінші орын алған атлеттер тиісінше 30 және 20 мың доллар сыйға тартылмақ.


Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Рекорд орнатқандар 100 мың доллармен марапатталады

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Бүгін, яғни 27 қыркүйек күні Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алауы жағылады, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, әлемдік додаға 205 мемлекеттен жалпы есебі 3500 атлет қатысады.

«Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде 47 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ, жүлделі орындар үшін ірі көлемде ақшалай сыйлықтар бекітілген.

Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы (IAAF) әлемд чемпионатының жүлде қоры 7,53 миллион доллар екенін мәлімдеді. Жекелей сында жеңіске жеткен спортшылар 60 мың долларға иелік етеді. Екінші және үшінші орын алған атлеттер тиісінше 30 және 20 мың доллар сыйға тартылмақ. Ал әлемдік рекордты жаңартқандарға 100 мың доллардан бөлінеді.