Жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов он екінші рет жеңіске жетті

0
1 096

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповпен кездесу өткізді.


Жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов он екінші рет жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі он екінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол Ресейдің Челябинск қаласында, WBO белбеуіне таласқан боксшылар Сергей Ковалев – Энтони Ярд айқасының андеркартында өнер көрсеткен болатын.

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізді. Он раундқа шақталған орта салмақтағы айқас Мейірімнің жеңісімен аяқталды. Әділқазы бірауыздан осылай деп шешті.

Осылайша, Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол осы уақытқа дейін бір де бір рет жеңіліп көрген жоқ. Ал Осипов жеңілістің ащы дәмін екінші рет татып отыр.