Жеңілмеген қазақ боксшысы күтпеген жерден чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды

0
564

​Нұрсұлтан Жаңабаевтың қабағы жарылғаннан кейін француз боксшысы жетінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.


Жеңілмеген қазақ боксшысы күтпеген жерден чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды

ERNUR.KZ. Минскіде қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев титулдық жекпе-жек өткізді, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақ боксшысы жартылай орта салмақтағы WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific тұжырымдары бойынша өзінің чемпиондық белбеулерін қорғады.

Нұрсұлтан Жаңабаевтың қарсыласы Франция боксшысы Сэнди Мессауд болды.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелді, алайда жетінші раундта француз боксшысы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Төреші жекпе-жекті тоқтатты, қазақстандық екінші раундта нокдаунға түсіп, үшінші раундта қабағын жарақаттап алған.

Осылайша, қазақ боксшысы карьерасында алғаш рет жеңіліп, үш ұйымның тұжырымы бойынша екінші дәрежелі белбеулерінен айырылды.