Жеңілмеген қазақ боксшысы нокаутқа түсіп қалды (видео)

0
1 325

Бұған дейін былғары қолғап шебері кәсіби рингтегі тоғыз кездесуін жеңіспен аяқтаған еді.


Жеңілмеген қазақ боксшысы нокаутқа түсіп қалды (видео)

ERNUR.KZ. Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақ боксшысы Уәлихан Бейсенқұлов (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы кездесуін өткізді, деп жазады almaty.tv.

Ол Мәскеудегі Korston Club-тағы бокс кеші аясында жекпе-жекке шыққан. Бейсенқұлов бұл кездесуде жергілікті бокшсы Артуш Саркисянмен (5-7, 3 КО) титул үшін жұдырықтасуы тиіс еді. Он раундтық жекпе-жектің үшінші раундында ресейлік нокаутпен жеңіске жетті. Ол әуелі қазақстандықты нокдаунға түсіріп, артынша жағынан жойқын соққы жасаған болатын.

Осылайша Артуш Саркисян IBA Asia чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады.

Айта кетсек, 2018 жылдың ақпанында кәсіпқой боксқа келген Уәлихан Бейсенқұлов бұған дейін тоғыз кездесуде қарсыластарын нокаутмен жеңген еді.