Жəнібек Əлімханұлы АҚШтағы дебют жекпе - жегінде жеңіске жетті

0
3 512

Бұл Жəнібектің кəсіпқой бокстағы 3 - жеңісі. 25 жастағы боксшымыз осы күнге дейін елімізде 2 жекпе - жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.


Жəнібек Əлімханұлы АҚШтағы дебют жекпе - жегінде жеңіске жетті

Орта салмақтағы қазақстандық кəсіпқой боксшы Жəнібек Əлімханұлы АҚШтағы дебют жекпе - жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отандасымыз Калифорния штатынын Окланд қаласында орналасқан "Orance" аренасында колумбиялық боксшы Карлос Галванға қарсы жұдырық түйістіріп, төрешілердің шешімі бойынша 60:54 есебімен жеңіске жетті. Бұл Жəнібектің кəсіпқой бокстағы 3 - жеңісі. 25 жастағы боксшымыз осы күнге дейін елімізде 2 жекпе - жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.
Ал, 27 жастағы Калос Галван осымен 8 - рет қарсыластарына есе жіберді. Ол осы күнге дейін 16 жекпе - жекте жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түскен болатын. Жəнібек Əлімханұлы келесі жекпе - жегін ағымдағы жылдың 3 қарашасында АҚШтың Техас штатында өткізеді. Қарсыласы жергілікті боксшы Вон Александер болады.