Жұлдызды кездесу: Головкин Мессиге алтын түстес қолғап сыйлады (видео)

0
1 193

Қос спортшының кездесуі Барселона қаласында өткен.


Жұлдызды кездесу: Головкин Мессиге алтын түстес қолғап сыйлады (видео)

ERNUR.KZ. Әлемдік бокс жұлдызы, қазақстандық Геннадий Головкин өзінің қолғабын Аргентина құрамасының капитаны, қазіргі заманғы ең танымал футболшылардың бірі Лионель Мессиге сыйлады, деп жазады sputniknews.kz.


видео:ggg_fan_world

Қос спортшының кездесуі Барселона қаласында өткен, онда Месси Sirin Labs швейцариялық-израильдік компанияның амбассадоры ретінде Finney алғашқы блокчейн-смартфонын жұртшылыққа таныстырған.

Видеода спортшылар ұзақ сөйлескен жоқ, бар болғаны бір-екі ауыз сөз айтып, естелік суретке түсті. Содан соң GGG Мессиге сыйлық ретінде өзінің алтын түстес қолғабын ұсынды.

"Сәттілік әкелсін", — деп Головкин Мессиді құшақтады.

Жаңа өнертабыс Finney криптоиндустрияның негізін қалаушылардың бірі Хэл Финнидің есімімен аталған. Смартфон 15 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады.