"Жыл нокауты": Eurosport қазақстандық боксшының өнеріне тәнті болды

0
1 571

Тұрсынбай Құлахмет жеңісінен соң BoxRec рейтингінде көтеріліп, 139-шы орыннан 187-ші сатыға жоғарылады.


ERNUR.KZ. Eurosport телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахметтің жеңісіне тәнті болды, деп жазады Stan.kz.

Дубайда өткен бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет қарсыласы венесуэлалық Эбер Рондонды 70 секундта жеңді. Алдымен ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынан сұлатып түсірді.

"Жыл нокаутына үміткер. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жылдың үздік нокауты атағына үміткердің бірі болды. Ол Эбер Рондонды бір раундта жеңіп, орта салмақтағы WBC International белбеуін қорғады", - делінген Eurosport.es телеарнасының сюжетінде.

Тұрсынбай Құлахмет осы жеңісінен соң BoxRec рейтингінде көтеріліп, 139-шы орыннан 187-ші сатыға жоғарылады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы кәсіби рингке келгелі 3 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ал әуесқой бокста Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында жүлде алған.