Зидан «Реалдан» кетті

0
1 425

45 жастағы маман «Реалдың» тізгінін 2015/16 жылғы маусымның ортасында ұстап, командамен бірге қатарынан үш маусымда Чемпиондар лигасын ұтып алған болатын.


Зидан «Реалдан» кетті

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен босады.

Бұл туралы бүгінгі арнайы баспасөз-мәслихатында ресми түрде хабарланды.

45 жастағы маман «Реалдың» тізгінін 2015/16 жылғы маусымның ортасында ұстап, командамен бірге қатарынан үш маусымда Чемпиондар лигасын ұтып алған болатын. Бұл Чемпиондар лигасының тарихында рекорд саналады. Кәрі құрлықтың басты додасын бұған дейін мадридтік клубтан басқа командалар қатарынан 2-3 рет жеңіп көрмеген еді.

Сондай-ақ, Зиданның басқаруымен «Реал» Испания чемпионатын, ел Суперкубогын, екі мәрте УЕФА Суперкубогында, сонымен қатар, екі рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді.

Жалпы есептегенде Зиданның жаттықтыруымен «Реал Мадрид» 9 жүлдеге қол жеткізді.

дереккөз: prosports.kz