Зидан Реалдан неге кетті. Енді қайда барады?

0
3 253

Зинедин Зидан 31 мамыр күні арнайы баспасөз маслихатын өткізіп, «Сантьяго Бернабеуден» кетіп жатқанын жариялады. Клуб президенті Флорентино Перес те футболшы ретінде де бапкер ретінде де аты аңызға айналған Зизудың шешіміне қарсы болмады.


Зидан Реалдан неге кетті. Енді қайда барады?

ERNUR.KZ. Ресейде өтетін Әлем чемпионатына 2 апта қалғанда Мадридтік «Реал» клубының бас бапкері Зинедин Зиданның қызметінен кетуі көпшілікті таң қалдырған оқиға болды. Әлбетте, 3 жылға жуық уақыттан бері командасымен Еуропалық командалар арасында ең мықтсы болып келе жатқан клубтан франциялық маманның табан астынан кету туралы шешім қабылдағаны барша футболсүйер қауым үшін тосынсый болды.

Зинедин Зидан 31 мамыр күні арнайы баспасөз маслихатын өткізіп, «Сантьяго Бернабеуден» кетіп жатқанын жариялады. Клуб президенті Флорентино Перес те футболшы ретінде де бапкер ретінде де аты аңызға айналған Зизудың шешіміне қарсы болмады.

Осы орайда Зиданның «Реалдағы» карьерасына тоқталып өтсек. Зидан 2,5 жыл бұрын Мадридке Рафаэль Бенитестің орнына келді. Сол кезде команда негізгі қарсыласы "Барселонадан" ұпай саны жағынан артта келе жатқан болатын.

2016 жылдың 9 қаңтарында Зизу «Реалды» «Депортиво» командасына қарсы матчқа дайындап, бапкерлік дебютында Зидан шәкірттері 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша клубтың ойынында өзгеріс пайда болды. Примеродағы маусымның соңында «Барсадан» бар жоғы 1 ұпайға артта қалды («Барселона»да 91 «Реал»да 90 ұпай).

Еуропа чемпиондар лигасындағы жеңіс Зизудың абройын асқақтатты. Жыл соңында клубтар арасындағы Әлем чемпионатын жеңіп алып, «Карольдық клуб» маусымды жоғары деңгейде өткізді. "Реал" 2017 жылы тағы Еуропада теңдессіз клуб атанды. Финалда «Ювентусты» жеңді.

2017/18 жылғы маусымды «Реал» Испания суперкубогы мен УЕФА суперкубогын жеңіп алумен бастады. Бірақ, Испания Ла лигасында олардың жолы болмады. «Барселонаға» желтоқсанда өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліп, сол күйі чемпиондықты қолдан шығарып алды. 7 ай бұрын сәтсіздікке ұшыраған олар енді тек қана Еуропа чемпиондар лигасында жеңіске жетіп қана фанаттарын қуантатынын түсінді. Себебі, ел кубогында да жеңіліп қалған болатын. Бірақ, Зидан команданы тағы чемпиондыққа жетелей алды. ПСЖ, «Ювентус» және «Баварияны» қиындықпен болса да жарыс жолынан шығарып тастады.

Финалда Зинедин командасын Мұхаммет Салах деген жұлдызы жанып тұрған ойыншысы бар «Ливерпуль» күтіп тұрды. Киевтегі ақтық ойын баршаның есенде. Драматизмге толы матчта «Реал» жеңіске жетті. Сол күні Зидан шәкірттеріне «Жеңістен ләззат алыңдар, бұндай сәт басқа болмауы мүмкін» - деді.

Иә, бір команданың Еуропа чемпиондар лигасын ол қатарынан үш рет жеңіп алуы оңай емес екеніне меңзеген болатын. Қанша мықты бапкерлер талпынса да әзірге ешбірі орындай алмаған шаруаны Зидан жасап, Чемпиондар лигасының кароль атанып отыр.

Зизу Мадрид командасына 2,5 жыл бұын келіп, 3 рет Еуропа чемпиондар лигасы, 2 рет Испания чемпиондығын, 2 рет клубтар арасындағы Әлем чемпиондығы, сондай-ақ Еуропа мен Испания суперкубогында жеңіске жетті.

«Мен "Реалмен" келесі маусымда жұмысымды жалғастырмаймын. Қазір қолдағы кубоктарды біреу жеңіп алмай тұрғанда лауазымымды босатуға шешім қабылдадым» - деді Зидан.

Ал, «Реал» президенті Флорентино Перес Зиданмен қоштасар сәтте:

«Мен саған «сау бол» демеймін, мен саған «кездескенше» деймін», - деп алғысын білдірді.

«Сантьяго Бернабеуге» енді кім келеді? Еуропалық әріптесеріміз тізімді де, үміткер бапкерлердің де аты жөнін жаза бастады.

Олар жуырда «Арсеналды» 22 жыл басқарған Зиданның отандасы Арсен Венгер, Франция құрама командасынан Әлем чемпионатынан соң кететін Дидье Дешам, «Наполиден» соң клуб іздеп жатқан Маурицио Сарри, «Челсимен» қоштасуға жақын тұрған Антонио Конте. Кімнің бағы жанады бұл уақыттың еншісінде.

Ал, Зидан қайда барады? Біздің пікірімізше өзінің сүйікті командасы «Ювентустан» орын тапса керек...

фото ашық дереккөзден алынды