"Абай болашағын болжай білген": Жас режиссер Аридаш Оспанбаевамен сыр-сұқбат

0
2 875

Аридаш Оспанбаева - жас режиссер, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері


Қарашаш Есенбай: Аридаш Оспанбаева... бұл есім менің ойымша өзіндік философиясы бар қойылымдардың режиссері ретінді таныс. Ал өзіңіздің режиссерлық философияңызды қалай сипаттар едіңіз?


Аридаш Оспанбаева: Режиссерлік философияда символика және актердің психологиясына, жалпы пьесаны алған кездегі кейіпкерлердің психологиясына көбірек мән беремін. Студент кезімнен бастап Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрындапрофессионалды тұрғыда үшінші жыл жұмыс істеудемін. 2018 жылы Әубакір Рахимовтыңшеберханасынан бітірдім. Студент кезімнен кішігірім спектакльдер қойдым, мысалы, "Жүрегімнің иесі", "Абайдың жұмбағы", "Мұқағалимен сырласу", "Сүйінбай", "Қобыланды" спектакльдерін атап айтуға болады.


Қарашаш Есенбай: Есіміңіз де ерекше екен. Оның да өз философиясы бар ғой, бізбен бөлісіңізші?


Аридаш Оспанбаева: Рахмет! Менің есімімді анам қойған, ол кісіге аян болып келген екен. Халық әні "Екі жирен" деген әнге байланысты қойған. Кішігірім тарихына келсек,мағанаяғы ауыр кезде осы әнді ұдайы естіп жүреді, ұйықтаса да, тұрса да ән құлағынан кетпиді және түсінде атқа ұзын қара шашты қыз бала шауып бара жатады "Аридашым, Аридашым-ай" деген әні құлағына естіліп тұрады. Осылай менің есімім Аридаш болған.Негізі бұл есімтүрік-араб тілінен аударғанда "ерекше тас, бағалы тас" деген мағынаны білдіреді.


Қарашаш Есенбай: Осы жылы театр маусымы «Абайдың жұмбағымен» басталды. Осы қойылым туралы айта кетсеңіз.


Аридаш Оспанбаева Иә, театрымыздың 95-ші маусымын осы Абайдың жұмбағы спектаклімен ашу бұйырып тұр екен. Жалпы, бұл спектакльді ақпан айында алған болатынбыз.

Алдымен Болат Әбділманов ағамыз Абай Құнанбайұлының шығармашылығы бойынша жиынтық жасап, пьеса алып келген екен. Әріқарай көркемдік кеңес осыспектакльдімаған тапсырды, сосын драматург Мадина Омарова ханыммен бірлесе жұмыс істеп, спектакльдің структурасын аздап өзгерттік.

Яғни, бұл жерде қойылым Абай Құнанбайұлының өзіндік шығармашылығы және Мұхтар Әуезовтің"Абай жолы" шығармасы аясында болады. Онда жас Абай деңгейінен философ деңгейіне өту процесі көрсетіледі. Және де өмірінде болғанкульминациялық моменттер жиынтығы көрсетіледі. Ол Тоғжанмен айырылысуы, Құнанбайдың өлімі, Әбіштің өлімі, халықтың Абайды түсінбеуі мен қабылдамауынан туған дау-дамай тамұқ сахналарын қосып, сол арқылы спектакльді шешуге тырыстық. Жалпы қоюшы топқа режиссер ретінде алғыс айтқым келеді, өйткені ол кісілермен жұмыс істеу өте қызықты және өз ісінің шеберлері.



Қарашаш Есенбай: Сіздің ойыңызша біз Абайдың жұмбағын шеше алдыңыз ба?


Аридаш Оспанбаева Бұл жерде жалпы спектакльге мән беру керек дер едім. Оны көрсеңіздер, ол - Абай Құнанбайұлының сөздерінде жатыр. Бұл – адамда бір ғана жұмбақ болмайтынын және Абай жұмбағын шешу мүмкін емес екенін білдіреді деп ойлаймын.


Қарашаш Есенбай: «Менің ойымша Абай кішкентай күнінен болашағын білген» депсіз. Адамдардың болашақты болжай алатынына қаншалықты сенесіз?


Аридаш Оспанбаева Абай - ол кішкентай күнінен болашағынан біліп, көріп осының бәрін түйіп сезіне отырып, нақты қадам баса білген деп ойлаймын.

Адамдардың болашақты болжай алатынына сенемін! Алланың берген таланты болады ғой, Абай да солардың бірі дер едім. Мысалы, Мұқағали ағамыз да өзінің кететін уақытын білген депжатады. Алла мықты адамдарға сездіреді, көргізеді дейді ғой.


Қарашаш Есенбай: Режиссер мен актердің мықты тандемінен ғана мықты дүние шығады. Өзіңіз рөлге бекітілген актердің жан дүниесін, оның «өзіндің жұмбағын» шеше аласыз ба?


Аридаш Оспанбаева: Жоғарыда айта кеткендей, актерлармен жұмыс жасағанда ол кісілердің мінез-құлықтарына мән беремін. Әр актермен жұмыс істеу әртүрлі. Жалпы түсіндірсең бірден қағып алтын актерлер болады, ал біреулерге керісінше ұрсып түсіндіру керек (күліп).



Қарашаш Есенбай: Жас маман ретінде қазіргі театр режиссурасының деңгейі туралы ойыңызды білсек?


Аридаш Оспанбаева: Әрине, жас режиссерлардың спектакльдерін жиі көреміз. Бізде қазіргі заманның режиссурасы қалыптасып келе жатыр деп ойлаймын. Әлі толық қалыптасып кетті деп айта алмаймын, дегенмен, жаңа сарын сезіледі. Атап айта кететін жағдай - қазақтың пьесаларына, қазақ драматургтарының пьесаларына көп мән беріліп жатқанын сезіп жатырмын. Бұл - қуантарлық жағдай. Қазақ театр өнерін дамыту үшін жұмыстар жасалуы керек, осы жолда еңбек етіп жатқандарды да білемін. Олар үшін қуанамын, құптаймын.


Қарашаш Есенбай: Болашақта қандай қойылым жасауды армандайсыз?


Аридаш Оспанбаева: Театрымыздың директорымен келісіп, драматург Мадина Омарова ханыммен бірге үлкен шығарманың кіріспесін бастап кеттік. Бұйыртса, жақын арада көре жатарсыздар, әзірше құпия болсын. Армандарым көп, режиссер ретінде мені қазақ классикасы қызықтырып жатыр. Бұйыртса, уақытымен жаңалықтарымды естисіздер.


Қарашаш Есенбай: Сіз үшін тілектеспін! Сұқбат бергеніңізге рақмет!