​35+: Альгинат маскасының көмегі сізге МІНДЕТТІ түрде қажет

0
3 199

ӨЙТКЕНІ...


​35+: Альгинат маскасының көмегі сізге МІНДЕТТІ түрде қажет

Бетке арналған альгинат маскасы стресстік жағдайда теріге барынша жылдам және тиімді көмек бере алады.

Бұл масканы қалай пайдалану керек және ол қандай маска біліп алғанымыз жөн.

Альгинат маскасы дегеніміз-шаршаған және түтіккен теріні қалпына келтіруге арналған құрал. Теріге қолданған кезде мұндай маска «дренаж» және серпімділік сыйлайды.


Альгинат маскасы не үшін қажет?

Оның көмегімен сіз тез арада МЫНА нәтижелерге жете аласыз:

Терінің серпімділігін арттырады

Тері тесігін тарылтады

Шаршаңқы жүзді болдырмайды

Альгинат маскасы ылғалдандырады, келбетті жақсартады, терінің серпімділігін арттырады, ісінуге қарсы қасиеттерге ие. Кемелденген, мінсіз теріге қол жеткізуге зор мүмкіндік туғызады.

фото: korean_beauty_v_omske


Әдетте ол бөлме температурасында сумен немесе активатормен сұйылтылған құрғақ ұнтақ түрінде шығарылады.

Осыдан кейін алынған масса бетке жағылады және 15 минут ішінде маска қалыптастырады.

Альгинат маскасы- бет, мойын, декольте аймағына арналған тамаша антиэйдж. Яғни, терінің тозуының алдын алады. Ал егер дене терісіне қолданатын болсаңыз, ол целлюлитке қарсы қасиеттерін көрсетеді.

«Дейін» және «Кейін» нәтижесі өте әсерлі.

Бұл өте қысқа мерзімді процесс. Альгинаттың бір ерекшелігі- сұйықтықпен біріктірілген кезде ол гельге айналады. Ол ұнтақ тәрізді, ұнтақ сумен сұйылтылады, алынған қоспаны дереу теріге жағу керек және ол толығымен қатайғанша бетіңізде ұстаңыз. Әдетте бұл шамамен 15-20 минутты алады.


Құрамы

Кез-келген альгинат маскасының негізі ЕКІ маңызды компоненттен тұрады:

1)Диатомит- су астындағы теңіз өсімдіктерінің ежелгі карапас бөлшектерінің қиылысқан қабаттары.

2)Алгинат-қоңыр балдырлардан алынатын жоғары молекулалық табиғи полимер. Бұл керемет қоюландырғыш және минералдардың қайнар көзі. Ол айқын дренажды және қатайтатын әсерге ие.

Альгинат маскаларында басқа да құнды компоненттер бар.

Гиалурон қышқылы тері жасушаларында ылғалды сақтайды.

С дәрумені ағартады, жалпы антиоксидантты және қартаюға қарсы әсерге ие.

Көмір тері тесігін тазартады.

Алоэ тыныштандырады.

Жасыл шайдың бактерияға қарсы қасиеттері бар.

Спирулина жасартатын әсерге ие.

Лемонграсс антисептик ретінде әрекет етеді.

Азиялық центелла тері коллагенінің синтезін ынталандырады.


фото: organic-box.ru

Гель немесе желе түрінде

Гель түрінде альгинат маскалары бар. Олар өте тиімді және алдын-ала дайындықты қажет етпейді.

Альгинат маскалары әсер ету әдісімен де ерекшеленеді.

Бүгінгі таңда альгинат маскаларының көптеген түрлері бар:

-ылғалдандырғыштар-олардың құрамына гиалурон қышқылы, мочевина, хитозан кіреді.

-қоректік-мұндай маскалар құрғақ теріні барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді және айтарлықтай балғындық әсерін сыйлайды.

Альгинат маскасының негізгі мақсаты-теріні жаңа келбетке қайтару, токсиндерден арылту. Масканы қолданғаннан соң бірден терінің жандана түскенін байқайсыз. Бет контурлары айқынырақ болады, әжімдер тегістеледі. Бұл белсенді компоненттердің арқасында ғана емес, сонымен қатар маска жеткілікті тығыз пленкаға айналған кезде қатайту процесінің арқасында көрінетін нәтиже.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


САРЫСУды қолдануды білесіз бе?

Соңғы уақытта ТРЕНДТЕ болған шаш үлгілері