40+ ЖАС: Қандай шаш үлгісі ЖАСАРТАДЫ, қайсысы ҚАРТАЙТАДЫ?

0
10 384

Жасыңыз ұлғайған сайын мінезіңіз бен киім үлгісіне, жүріс-тұрысыңызға ғана емес, шаш үлгісіне де үлкен мән бергеніңіз жөн. Өйткені, кейбір шаш үлгісі "жасартады", ал кейбірі "қартайтады"...


40+ ЖАС: Қандай шаш үлгісі ЖАСАРТАДЫ, қайсысы ҚАРТАЙТАДЫ?

«Апалар ұқсамай, тасташы мынау киіміңді...», «Қызыңның көйлегін киіп алғансың ба?» ... осындай сөздерді естіген боларсыз?! Иә, әр жастың өз киім үлгісі бар. Тек киім ғана емес-ау, әр жастың өзіне лайықты шаш үлгісі де бар.


Жасыңыз 40-тан асса, онда сізге қандай шаш үлгілеріне жоламаған жөн?


Ұзын немесе қысқа?

фото: pricheska-strizhka.ru

40 жастан кейін шашты белге дейін... ұзын етіп өсірудің қажеті жоқ. Және ондай ұзын шашты бос жіберуге де (жаюға) болмайды. Шаш иықтан сәл төмен түссе жеткілікті. Нақтырақ айтқанда, шашыңыз қысқа бірақ жинауға (бууға) да келетін ұзындықта болғаны абзал. Әрине, ұзын шаш қартайтпайды, бірақ жасартпайды да. "Ақылы қысқа, шашы ұзын" деп неге айтылған, білесіз бе? Меніңше, бұл нақыл жасөспірім шақта, әлі ақылы толыспаған жас қыздарға ұзын шаш, ал ақыл тоқтатып егде жасқа келгенде қысқа шаш жарасатынын меңзесе керек. Иә, "ұзын шаш үлгісі - бұл қызыңыздың киімін киіп алғанмен бірдей", - дейді стилистер.


Бұрым қоюға (шашты өру) бола ма?

фото: novaiy.ru

Өріп, оны түюге болады, бірақ өрілген ұзын бұрым тек 25 жасқа дейін жарасымды.


Кекіл қойған дұрыс па, бұрыс па?


фото: artfile.me

Кекіл жасартады, егер шашыңыздың түсі қара болмаса. Есте ұстаңыз: қысқа ма, ұзын ба, шашыңыз ең әдемі үлгіде қиылса да егер оның түсі қара болса, онда 3-4 жас «қосылды» деп сене беріңіз. Қара түсті шаш міндетті түрде жасыңызға жас қосады. Сондықтан, егер жасыңыз 40+ болса онда қара түске жоламаңыз. Қара түстен басқа түс көп қой, тек қара түске боямаңыз!

Бұл егер шашыңыздың түсі басқа болса кекіл қоюға болады деген сөз емес. Кекіл барлық адамға жараса бермейді. Бет пішініне байланысты және маңдай кеңдігіне қарай таңдалады. Маңдайыңызда әжім болса жұқа және бір шетке қарай «қисайтып» кекіл қоюға болады. 40 жастан кейін қалың әрі тік қиылған кекіл қоймай-ақ қойған дұрыс. Неге?

«Кекілді қыз» деген ән бар, бірақ «кекілді әйел» деген ән жоқ қой. Сондай-ақ, кекіл кішкентай балаларға қойылады.


Шашты "көтеру"...

фото: fkrchr.ru

Бұндай шаш үлгісі тіпті 20 жастағы қыздың да ұлғайтып көрсетеді. Олай болса, бұл шаш сәндеу үлгісінен қашыңыз.


Түйілген шаш

фото: wallpapers.mi9.com

Шашты түюге болады, бірақ оның көлемі кішкентай болғаны дұрыс. Шаш арасына жасанды шаш салып, оның көлемін ұлғайту – жасты да ұлғайтады.


«Құйрық шаш»

фото: m.yandex.kz

«Құйрық шаш» оқушы және студент жастағы қыздардың үлгісі. 35-40 жастан кейін шашты «құйрық» етіп жинау ілуде бірең-сараң ғана әйелге жарасады. Кімге дейсіз бе? Сымбаты сымдай тартылған әйелге! Егер, төлқұжатыңызда жазылған жас мөлшерінен әлдеқайда жас көрінетін болсаңыз және артық салмақ болмаса, онда сізге де «құйрық шаш» үлгісі рұқсат етіледі.


Міне, жоғарыда аталған шаш үлгілеріне жоламаған дұрыс. Ал, қандай шаш үлгісі жасартады? Стилистердің айтуынша, каре, боб, пикси, каскад, асимметрияық шаш үлгілері! Стилист маманының кеңесіне қосарыңыз бар ма, тағы да қандай шаш үлгісі жасартады деп ойлайсыз? Ал, сіздің шаш үлгіңіз қандай?

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Кез келген ЕР-АЗАМАТТЫҢ гардеробында болуы тиіс 3 ДЖИНСЫ шалбар


Неліктен қымбат ІШ КИІМ кию керек?


ҚЫСҚА мойынды ҰЗАРТЫП көрсету үшін қандай АЛҚА таққан дұрыс?