Әр КҮННІҢ өз ТҮСІ барын білесіз бе?

0
1 701

Аптаның әр күнінде өз түсімен киінсеңіз, жолыңыз болады.


Әр КҮННІҢ өз ТҮСІ барын білесіз бе?

Аптаның әр күнінің атауы болғаны секілді, өз түсі де барын біліп пе едіңіз? Сәйкессіз түсте киілген киім үйлесімді бұзып, сәттілікті жояды. Ал, апта күніне лайық түсте киіну көңіл-күйдің көтерілуіне, жолыңыздың болуына ықпал ететін көрінеді. Сондықтан, киім-кешегіңіздің тым болмағанда бір бөлігі апта күніне сай түстен болғаны абзал.


Дүйсенбі

Аптаның алғашқы күні – Ай күні. Ол тұрақсыз, құбылмалы көңіл-күйге түсіреді. Мұның алдын алу үшін мүмкіндігінше ақ, сары, көгілдір және күміс түстерді қолданыңыз. Болмаса, алқызыл, жасыл, сұр, күлгін, шоколад түсі және ақшыл түстердің біразы жарайды.


Сейсенбі

Марс күні саналатын сейсенбі белсенді энергетика мен жеңіске деген құлшылық, бәсекеге қабілеттілік сыйлайды. Бұл күні қызыл, қоңыр кигендер жеңімпаз атанады. Бұлардың орнын көгілдір, күл не алтын түстес және қызылдың барлық реңктерімен алмастыруға болады.


Сәрсенбі

Аптаның үшінші күні Меркурийге тиесілі. Меркурий қарым-қатынас, сауда-саттық, жазу-сызу, ғылым-білім және ақыл-ой еңбегінің символы. Сондықтан, бұл күні осы салада еңбек етушілердің айы оңынан туады. Жағымды түстер – сұр мен сары. Сондай-ақ, жасыл, көгілдір, күл және алтын түстес киімдер де сәттілікпен ұштастырады.


Бейсенбі

Юпитер күні жағымды энергетика сыйлайды. Сонымен қатар, бұл күні барлық салада, барлық адамға сәттілік серік болады. Әсіресе, күлгін, алқызыл, қызыл қоңыр түсте киінгендердің жолы болады. Гардеробыңыздан бұл түстер табылмаса, орнын қызыл, көгілдір, көк, жасыл, қоңыр және ақпен алмастыруға болады.


Жұма

Венера күні бір жағынан үйлесімділік, тыныштық энергетикасын сыйлайды. Екінші жағынан жалын атқан сезімдердің тұтануына себепші. Бұл күні жағымды түстер көгілдір, ақ, көк, қызыл, алқызыл және ақық түстес реңктер. Жасыл, қоңыр, күл түстес реңк те осы күнге тиесілі болмақ.


Сенбі

Сатурн күні өз ішіңе үңілуге, өзіңді тануға итермелейтін тылсым сырлы энергетикаға толы. Қара, қою көк, сұр, қоңыр және жасыл түстер аталған энергетикаға жағымды аура үстеп, қалағаныңыздың оңай орындалуына септеседі.


Жексенбі

Бүкіл ғаламның кіндігі – Күннің ықпалында саналатын жексенбі қуаныш пен шығармашылық энергиясын ұсынады. Бұл атмосфераны толыққанды сезіну үшін сырт бейнеңізге сары мен алтын түстес киімдер қосыңыз. Ақ, алқызыл, көгілдір, жасыл және басқа да ашық түстермен алмастыруға болады.

Мүмкін, бұл ойға қонбайтындай болып көрінер. Алайда, түстердің қабылдауға әсер етіп, бейсаналы түрде көңіл-күйге ықпал жасайтынымен келісерсіз. Біз ұсынған тәсілді байқап көріңіз.

Аударған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сізге ЖАЗҒЫ ҚАЛПАҚтың қандай ТҮРІ жарасады?