АРТЫҚ салмағы бар қыз-келіншектердің киім таңдауда жіберетін 6 ҚАТЕЛІГІ

0
2 395

Дене бітіміңізге байланысты сол қателіктердің алдын алу үшін неге мән беру керек?


АРТЫҚ салмағы бар қыз-келіншектердің киім таңдауда жіберетін 6 ҚАТЕЛІГІ

Артық салмақ ешкімге ешқашан әдемі көрінуге жол бермейтіні рас. Алайда, артық салмақ кейде салауаттты өмір салтын ұстанып, қимыл-қозғалысы да жеткілікті дәрежеде болып жатса да түрлі жағдайлардың әсерінен денеде артық майдың жиналуына алып келетін жағдайлар кездесіп тұратыны шындық.

Кейде күйзеліс, кейде денсаулықтың кінараты себеп болуы мүмкін, әйел табиғаттың заңдылығымен құрсақ көтеріп, дүниеге бала алып келгенде, жас ұлғайып, зат алмасу үрдісі баяулағанда да осы себептер жүз беруі мүмкін.


Толықтау адамды (семіз емес) көргенде «жатыпішер жалқау», немесе «нансоғар» деп ойламастан бұрын түсіністік танытып, оның барынша әдемі болуына үлесіңізді қосуға, жылы сөзіңізбен демеуге тырысыңыз.

Өйткені, әйелдің жаны жылылыққа мұқтаж болса да артық май жинауға бейім болады. Мұның барлығы да өзіне кері әсерін тигізіп те жатады. Киім таңдауда қиналады, кейде толықтығымды жасырамын деп бірнеше қателіктерге жол бергенін өзі де аңғармай қалады.

Дене бітіміңізге байланысты сол қателіктердің алдын алу үшін неге мән беру керек? Қандай қателіктерге бой алдырып жүрсіз? Бізбен бірге анықтап, кемшін тұсыңызды, қайтсеңіз дұрыс таңдау жасай алатыныңызды үйреніңіз.



Сіз тек қара түсті киімдерді киесіз, себебі артық майды «жасырады»

Өкінішке орай, артық салмақпен күресіп жүрген көпшілік әйелдердің гардеробында қара түспен көмкеріп тастағанын түсінсе керек.

Бірақ қара түс артық майды жасырады деген түсініктің біздің санамызға сіңіп қалғаны сонша, одан арылу өте қиын болып барады. Негізінде «нәзіктеу» көріну қара түсті киімге емес, матаның сапасы мен киімнің дұрыс пішіліп, дұрыс тігілгендігіне байланысты.

Жылдың төрт мезгілінде де тек қара түсті немесе қоңырқай, жабық түсті киімдерді тастамай киіп жүретін болсаңыз, ол сіздің көңіл-күйіңіздің ұдайы жабырқап жүруіне, келе-келе күйзеліске де ұшырату қаупі басымырақ.

Мұнымен тек сіздің өзіңіз ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да зерігіп, сіздің жаныңызда ұзақ уақыт емен-жарқын әңгімелесіп отыра алмайтынын да сезе бастайсыз.

Сондықтан, киімдеріңіздің арасына жарқын түсті, ашық түсті киімдерді қосудан қысылмаңыз. Киім таңдағанда алдымен оның түсіне емес, сапасына мән беруді ұмытпаңыз. Қандай киім болса да сапасының жоғарылығы «кемшілігіңізді» жасыра алады.



Кең пішілген киімдерді «ұнатасыз»

Артық салмағы бар әйелдердің арасында кең пішілген, дененің буылтық-буылтық тұстарын көзге бірден түсірмейтін, еркін тігілген кең киімдерге сұраныс жоғары. Бұл да олардың кезекті қателігі деп айта аламыз.

Өйткені, мұндай кең пішілген киімдер буылтықтарды жасырғанымен, бүкіл денеңіздің өлшемін кішірейтіп бере алмайды. Керісінше, одан сайын ірі етіп көрсетуі мүмкін.

Ең дұрысы, артық-кемі жоқ, өз пішініңізге шақ, өлшемі мен пішімі сай келетін киімдерді таңдаңыз.

Ал кең киімдерді үй жағдайында, қимыл-қозғалысыңызға жеңіл болуы үшін таңдасаңыз болады.


Өлшемі дұрыс келмейтін киім таңдау

Киім сататын дүкенге кіріп бір көйлекті қатты ұнатып қалдыңыз делік. Бірақ ол көйлектің сіздің өлшеміңізге сай келетіні жоқ. Бір өлшемге кішісін алып киіп көріп едіңіз, аздап тарлау, бірақ, жинақы етіп те қоятын сияқты. Көзді жұмып, тәуекелге бел буып (1-2 келі салмақ тастаймын деген ниетіңіз де болуы мүмкін) сатып алғаныңызбен, әпке-сіңліңізге немесе құрбыңызға сыйға беруіңіз де мүмкін ғой.

Оның үстіне, өлшемі кіші болғанымен қоса, матасы да қаттылау болса, сізге кәдімгідей қолайсыздық туғызатынын ескергеніңіз жөн. Себебі, сізге киіміңіз қолайсыздық тудырса, өзіңізге деген сеніміңізден «айырылып», қобалжу сезімі туындайды.



Түрлі моншақ, жылтыраған ұсақ тастарға басымдық бересіз

Бұл да дұрыс емес. Киімге сән беретін қосымша безендірулер сіздің пайдаңызға шешілуі тиіс. Жасыңызға, дене бітіміңізге сай келіп тұрса да бәлкім, сіз мұндай жылтыраған заттардан өзіңізді ыңғайсыз сезінетін болсаңыз, бас тартқаныңыз жөн. Ерекше көріну үшін тұтастай моншақтармен, әсемдік тастарымен безендірілген киімді кию шарт емес, мүмкін, түстердің үйлесімділігімен жұмыс істеп көрерсіз?!


Аксессуарларға аса мән бермейсіз

Әйелдердің көпшілігі аксессуарлардың образ үшін қаншалықты маңызды роль атқаратынына назар аудармайды.

«Алпыншақ-салпыншақты» үсті-үстіне іле беру аксессуарды дұрыс пайдалана білмеуден туындайды. Дұрыс таңдау жасау, қай киімге қандай аксессуар дәл келетінін білмесеңіз, бүкіл бойыңызды көрсететін үлкен айнаның алдына барыңыз да айна алдындағы өзіңізге мұқият барлай қараңыз. Ненің үйлесіп, ненің үйлеспейтіні белгілі болады.

Артықшылықтарыңызды артық салмақпен бірге «жасырып» жүргеніңізді байқамайсыз

Артықшылық... Яғни, әрбір әйелдің тек өзіне ғана тән сұлулығы, бір ерекшелігі, басқа әйелдерге ұқсамайтын артықшылықтары да болады.

Сол артықшылықтарды артық салмақпен бірге «жасырып», елеусіз қалып кетуден аулақ болыңыз. Артықшылықтарыңызды көрсете біліңіз, мүмкін сіздің ішкі әлеміңіз өте бай шығар, мүмкін қолыңыздан бал тамған аспаз, бес саусағыңыз майысқан шебер шығарсыз, осылардың бірі бойыңызда бар болса, қандай да бір артықшылығыңыз болса алдыңғы орынға осыларды шығарыңыз. Сонда артық салмағыңыз сіз үшін соншалықты уайымдайтындай мәселеге айналмайды.

Ең бастысы, сіздің жан-дүниеңіз сұлу болса, сыртқы көрінісіңіз де соған сай бола алатынына күмәніңіз болмасын!

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


КӨК ПИЯЗ шашты ТҮСІРМЕЙДІ


Көздің астындағы КӨГЕРГЕНДІ КЕТІРУГЕ арналған кеңестер