Бетті жүйелі тазартудың тәсілдері

0
103 233

Қазіргі күні косметологтар бетті тазартудың (чистка) түрлі әдістерін ұсынады.


Бетті жүйелі тазартудың тәсілдері

Қазіргі күні косметологтар бетті тазартудың (чистка) түрлі әдістерін ұсынады. Оның нәтижесі жақсы болуы үшін сізге тек қай түрімен, қалай тазалату керек екенін білген жөн. Қазіргі таңда косметолог мамандар сізге қарапайым және комбинациялы, ультрадыбысты, лезерлі және вакуумдық тазалау тәсілдерін ұсынады.

Қарапайым бетті тазарту. (Ручная читка)

Бұл бетті тазалаудың ең көп тараған процедураларының бірі. Алдымен бетке арнайы маска жасалып, біршама уақыттан кейін косметолог ластанған бетті тазалап шығады.

Бұл әсіресе майлы бет терісіне жақсы көмектеседі. Тек бұл жерде мықты маманға барған жөн, өйткені дұрыс тазаламаса теріңіз қабынып, қолайсыздық тудырады.

  • Бұл тәсілді жылына екі рет қайталап тұруға болады.

Ультрадыбысты тазарту.

Бетті ультрадыбысты тазарту теріге ешқандай зиян келтірмейді. Бірақ бірден бет теріңіз мінсіз болып кетпейді. Ол терінің түсін реттеп, беттегі қара дақтарды азайтады.

  • Бетті ультрадыбыс арқылы екі айда бір рет тазалауға болады.

Вакуумдық тазарту.

Вакуумдық дегеніміз - бетті селиконды банкі арқылы тазалау. Бұл кез келген терінің түріне жасауға болатын процедура. Бұл әдіс бетті тазартып қана қоймай, әжімге қарсы тұрып, қартаюды тежейді.

  • Жылына екі рет бетіңізді вакуумдық тазартудан өткізіп тұрыңыз.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @Karashash_esenbay

ERNUR.KZ.