Боянуда ПРАЙМЕР не үшін ҚАЖЕТ

0
3 187

Праймер - беттің тегістігін қамтамасыз етеді.


Боянуда ПРАЙМЕР не үшін ҚАЖЕТ

фото: ozon.ru

Егер сіздің макияжыңыз сіз қалағандай ұзаққа созылмаса, жаңа тональды крем сатып алуға асықпаңыз. Мүмкін сіз косметика сөмкесіне праймер қосуыңыз керек шығар.


Праймер деген не?

Праймер - бұл негіз астына қолданылатын косметикалық өнім. Оның негізгі функциялары - макияжды түзету, теріні сыртқы әсерлерден қорғау және тері өңін біркелкі ету. Бүгінде мінсіз макияжға қол жеткізгісі келетін әрбір ару мұны бағалайды. Сондықтан праймер міндетті түрде косметика жиынтықтарының құрамына енген. Бұл құрал туралы білуіңіз керек барлық нәрсені біз бір материалда жинадық.


Не үшін қажет?

Бетке арналған праймер мінсіз макияж жасауда маңызды рөл атқарады және маңызды функциялардың тұтас жиынтығын құрай алады.

Оның құрамына кіретін компоненттер макияждың беріктігін айтарлықтай ұзартуға көмектеседі. Праймер терінің құрылымын тегістейді, оны тегіс етеді және кішігірім кемшіліктерді жасыруға көмектеседі, әсіресе кеңейген тері тесіктерін жақсы жасырады.

Егер сіздің теріңіз майлы немесе қызаруға бейім болса, праймер сізге жақсы көмектеседі.

Оның құрамында теріге пайдалы компонеттер бар, теріні ылғалдандырады және күннің теріс әсерінен қорғайды.


Бетке арналған ПРАЙМЕРдің түрлері

Праймерлердің бірнеше түрі бар, сіз пайдалану мақсатына және терінің күйіне байланысты таңдау жасауыңыз керек.


фото: papapek.by


Силиконды ПРАЙМЕР

Егер сіз түссіз бет праймерін кездестіріп, оның қалай аталатынын және не үшін қажет екенін білгіңіз келсе, онда ол силикон негізіндегі праймер. Бетке арналған силикон праймерлері ең маңызды міндеттердің бірі - олар терінің рельефін тегістейді. Мұндай праймер макияжды қолданудың алдында теріні дайындайды. Ол кеңейген тері тесігін тарылтады және басқа да проблемалардың болуына жол бермейді. Әдетте, силикон праймерлері гельдік құрылымға ие, сондықтан, бетіңізге жаққанда ештеңе сезілмеуі мүмкін. Дегенмен майлы және тозған теріге жақсы әсер еткенімен, проблемалы теріге айтарлықтай көмек бермейді. Себебі проблемалы теріні алдымен емдеу қажет.


Кремді ПРАЙМЕР

Кремді праймерлер әмбебап және кез келген тері түріне жарамды. Олардың негізгі қасиеті - жоғары сапалы ылғалдандыру, тері күйін біркелкі етіп, ыңғайлы және қарапайым қолдануға ықпал етеді. Балғын және әдемі теріге жол ашады.

Сұйық ПРАЙМЕР (лосьон)

Жеңіл құрылымы бар су негізіндегі праймер-лосьон. Оның басты артықшылықтарының бірі – өте жеңіл. Сіз терідегі праймерді сезбейсіз, бірақ ол бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Өнімнің құрамында майлар болмаған жағдайда, мұндай құрылымы бар праймер майлы және аралас тері иелеріне жарамды.


Майлы ПРАЙМЕР

Бетке арналған майлы праймердің бірнеше жағымды қасиеттері бар. Майлар теріге оң өзгерістер алып келеді, серпімділігі артады, жарқырайды және ұсақ әжімдер тегістеледі. Сондай-ақ, майлар тоналды негізді ыңғайлырақ қолдануға ықпал етеді. Праймер майы - сәндік және күтім косметикасының қасиеттерін біріктіретін оңтайлы және көп функциялы өнім.


Күңгірт ПРАЙМЕР

Терідегі майлы жылтыр тіпті ең керемет макияждың сынын бұзуы мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін күңгірттендіруші праймер көмектеседі. Бұл құралдың негізгі функциясы - тері тесігін ластамай, терінің майлы секрециясын сіңіру. Көбінесе мұндай праймерлерде минералды бөлшектер бар.


Жарқын ПРАЙМЕР

Мұндай праймердің құрамындағы жарықты шағылыстыратын бөлшектер теріні ерекшелейді. Жарықтандырушы қасиеті бар бұл праймер бет терісін «өзгертеді». Тері түсін ұйқыдан жаңа тұрғандай сергек, балғын етіп көрсетеді. Мұндай праймерді таңдау терінің түсіне байланысты, яғни өнім әртүрлі реңктерде болады.


Жасыл ПРАЙМЕР (түзеткіш)

Бұл праймер терінің белгілі бір жерлеріне ғана қолданылады. Түзеткіш праймер қызаруды, кішкентай бөртпелерді және басқа да кемшіліктерді жоюға қабілетті. Жасыл праймер пигментті, біркелкі емес терінің кемшілігін жасыру үшін қолайлы.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қолдағы бармен сұлу болуға арналған 6 кеңес


Қолданып жүрген косметикаңызда С ДӘРУМЕНІ бар ма?