​Қасыңыздың ПІШІНІ қандай? Дұрыс таңдадыңыз ба?

0
2 570

Егер қасыңыздың пішіні бет пішініңізге сәйкес келмесе, оны түзетудің де жолдары бар.


​Қасыңыздың ПІШІНІ қандай? Дұрыс таңдадыңыз ба?

Егер қасыңыздың пішіні бет пішініңізге сәйкес келмесе, оны түзетудің де жолдары бар. Алайда, оның жолдары қалай? Өзіңізге жарасымды ма? Айнаға мұқият қараңызшы, қасыңыздың пішіні өзгешелеу болса, сізге жарасар ма еді?

Шыны керек, табиғи әрі әдемі қастарымен мақтанатын әйелдер тым көп емес. Қазіргі кезде қас пішінін өзгертіп, жасанды сұлулық сыйлап жүрген қыз-келіншектер көп. Ол үшін сұлулық салондарына барып, көмек сұраудың қажеті жоқ, бұл өзіңіздің де қолыңыздан келетін жұмыс.


Қас пішіндерінің өзгерістері өте көп, бірақ олардың бесеуі жиі қолданылады.

Дөңгелек - бұл форма бет әлпетін «жұмсартады», айқын ерекшеліктерді жасыруға көмектеседі;

Қисық - өте керемет форма. Бұл бетке сенімділік сезімін береді;

Түзу - визуалды түрде тұлғаны сопақ және шағын етеді;

«СЫНЫҚ» қастар – бұл форманы таңдау үшін батылдық керек, шешім қабылдар кезде терең ойланыңыз. Өйткені, мұндай қас пішіні келбетті тым қатты өзгертеді және кез келген бетке жараса кетпейді. Егер мұндай қас жарасым табатын болса, бұл қас бетті жасартып көрсетеді.

Қастың қандай формасы сізге қолайлы екенін дұрыс анықтау үшін, сіздің бетіңіздің қандай пішін екенін дәл анықтауыңыз керек.


Ол үшін мына баспалдақтардан өтсеңіз болғаны.

Алдымен бет пішініңізді анықтап алыңыз. Яғни, дөңгелек, сопақ, маңдайыңыз кең немесе тар, жақ сүйегіңіз шығыңқы, маңдай тұсыңыз қуыс па? Осыларды нақтылап алыңыз.

Соған орай, қасыңыздың да қандай пішінде өзгертетініңізді шешесіз. Ол үшін алдымен сызғыш алып, маңдай тұсындағы шаштың түбінен бастап, иекке дейін өлшеп алыңыз. Шыққан санды 3-ке бөліңіз.

Иегіңіздің түбінен мұрыныңыздың түбіне дейін өлшеңіз. Егер теңдей үш бөлікке бөлінген саннан асып кетсе, онда сіздің бетіңіздің формасы төртбұрышты және ұзын болады; Егер керісінше, үштен бір бөлігінен аз сан шықса, онда сіздің бет формаңыз дөңгелек немесе алма тәрізді; Егер осы екі сан шамамен бірдей болса, сіздің бетіңіз сопақ немесе жүрек тәрізді. Біз қастың формасын бет түріне қарай таңдаймыз Сіз өзіңіздің бет-әлпетіңіздің шамасын анықтап алдыңыз, ендігі кезек қасыңыздың пішінін таңдауда.


Дөңгелек жүзді болсаңыз - ұзындығы қысқа және жоғары көтерілген қас пішіні ең жақсы таңдау. Бұл пішін сіздің көзіңізді визуалды түрде ұзартады және бетіңізді жіңішке етіп көрсетеді. Бірақ қасыңыздың бұрыштарын «өте өткір» етпеңіз, әйтпесе қастар тұлғаның дөңгелектілігін жағымсыз етеді. Қастың дөңгелек пішінін жасаудың қажеті жоқ, өйткені ол беттің дөңгелектілігін одан әрі көрсетеді.


Ұзын, сопақша бет түріне арналған көлденең және түзу қастар жақсы жарасады. Бұл сіздің бетіңізді дөңгелектеу етіп көрсетеді. Бет терісінің бұл түрі үшін «сынық қас» жарамайды, өйткені, мұндай қас пішіні бетті одан сайын сопайтып көрсетеді.


«Квадрат» бет түрі үшін - ең жақсы пішін жоғары қисық немесе сынық қастар. Олар жақтың массивтілігін көзбен тегістейді. Беттің бұл түрі үшін жіңішке дөңгелектенген қастар мүлдем жарамсыз.


Жүрек пішінді тұлға үшін - ең жақсы нұсқа - бұл дөңгеленген қастар назарын өткір иектен алшақтатады. Бет ерекшеліктерінің жалпы тепе-теңдігін бұзатын көлденең түзу қастар беттің бұл түріне мүлдем сәйкес келмейді. Сопақ бет типіне арналған – кез келген қас формасы мұндай бет түрі үшін жарамды. Дегенмен, қасты тым жоғары көтермеңіз. Бұл пішін сізге ашулы немесе таңқаларлық бет-әлпеттің көрінісін береді.

Бетіңіздің түрін және қастың сізге сәйкес келетін формасын анықтағаннан кейін, тікелей түзетуге көше беруіңізге болады. Қазіргі косметологияда бұл процедураны орындаудың бірнеше әдісі бар, егер өзіңізге сенімді болсаңыз, қас түзету процедурасын үй жағдайында да жасай аласыз.


Азиялық жол - жіппен орындалады. Бұл әдістің артықшылығы - оның нәзіктігі, ол теріні тітіркендірмейді. Бірақ бұл әдіс жақсы ептілік пен шеберлікті қажет етеді. Осылайша түзету дербес жасалуы мүмкін, тек алдымен кәсіби косметологпен қысқа курстан өткен дұрыс. Немесе осы әдістің мәнін түсіну үшін интернеттен оңай табуға болады.


Балауызбен түзету - көбінесе ол тек салондарда қолданылады, үйде мұндай процедураны орындау өте қиын. Мұны өзіңіз жасай отырып, сіз мүлдем қассыз қалу қаупіне тап болуыңыз мүмкін. Сондықтан, егер үй жағдайында осы әдіспен қасымды түзетемін десеңіз, сізге мұны жасай алатын адамның көмегі керек.


Пинцетпен жұлу. Бұл тәсіл ең тиімдісі және осы тәсіл кеңінен танымал. Ол салондарда да, үйде де жиі қолданылады. Бұл әдіс екі маңызды артықшылыққа ие: қолжетімділік және қарапайымдылық. Оның басты кемшілігі - алынған түктердің тез өсуі.

Дайындаған: Г.ЖҰМАДІЛДЕВА,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


Күріш ұнынан МАСКА бетіңізді жылтыр етеді


ҚОЛдың терісін жасартуға болады