Кез келген сұлу білуі керек құпия!

0
3 021

Бүгін сен үшін, сұлулық туралы нақты фактілерді атаймыз. Дайын болсаң, кеттік!


Кез келген сұлу білуі керек құпия!

Сабынмен жуынуға болмайды!

Сабынмен нәзік теріні жуу қауіпті. Себебі, ол теріні тым қатты құрғатып жібереді. Тіпті, терінің қорғаныс қабатын алып тастайды. Соның әсерінен тері қабыршықтанып кетуі мүмкін.

Скраб – тығырықтан шығатын жол емес!

Скрабтың түрлеріне мұқият мән беріп пайдаланған дұрыс. Мысалы қышқылды пилингтер бет терісін тазартып, тегістеп, түсін қалыпқа келтіреді. Ал дүкендерде толып тұрған скрабтың барлығы бет терісін жақсартады деп айта алмаймыз.

Проблемалық теріге арналған косметикалардан аулақ болыңыз!

Проблемалық теріні мамандардың көмегімен емдеу керек. Ал өз бетіңізше ем қолдану асқындырып жіберуі мүмкін. Әр ағзаның жай күйі әртүрлі болғандықтан, оны бәріне ортақ жасалған косметикалық құралдармен емдеймін деу бос әуре. Сол үшін косметика сатып алатын ақшаңызды дермотолог пен косметологқа жұмсаңыз.


Ас үйді косметологиялық зертханаға айналдырмаңыз!

Ғаламторда үйде дайындайтын маскалардың түр-түрін табуға болады. «Бірақ барлығын байқап көремін» деп теріңізді зақымдап алмаңыз. Аллергия мен тітіркену тудыратын азықтарды мүлде пайдаланбаңыз!

Тониктің құрамында қышқылдың болуына мін беріңіз!

Бетті тазалайтын тоникте жеміс қышқылдарының болғаны дұрыс. Ол беттің түсін қалыпқа келтіріп, тегістейді. Сондай-ақ, құрамында «С» дәрумені болатындары да теріге пайдалы.

Крем – панацея емес!

Крем - терінің проблемаларын шеше алмайды! Ол тек теріні нәрлендіреді. Ал жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, сыворотка пайдалануыңызға болады.


Фото ашық дереккөздерден алынды

Автор: @Karashash_esenbay

ERNUR.KZ