"Кездесуде ҚЫЗДАР АСА МӘН береді" - Әрбір ЕРКЕК білуі керек кеңестер

0
3 512

Ер адамдардың қыздарға жағуы үшін барын салатыны белгілі. Десе де, ең басты жасалуы тиіс нәрселерді ұмыт қалдырып жатады


Суреттер: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Әйелдің сұлулығы - табиғаттан. Жаны нәзік, болмысы ерекше жандардың сыланып, әдеміленуі де заңды құбылыс. Ал, ер жігіттердің өз сымбаттылығана ерекше қаруы дұрыс па? Әрине, адам болғасын сұлулыққа жаны тартпай тұрмайтыны тағы бар. Сондықтан да бүгінгі жазба ер жігіттің сымбаттылығы жайында болады.

Қыздардың көзіне оттай басылу үшін ер жігітке аса мән беру керек жайттар назарларыңызға ұсынамыз. Төмендегі кеңестер арнайы зерттеулер мен сауалнаманың нәтижесінен алынған.

Шашыңыздың қайраттылығы мен үлгісі қыздың назарын аударады.


Кез – келген ару ер азаматты кездестіргенде бірінші көзі шашына түседі. Бұл, орыс психологтарының зерттеуінен алынған дерек. Қыз баласының көңілін бір дегеннен аудартқыңыз келсе, шаш тазалығы мен жылтырауына бірінші көңіл бөліңіз. Ер жігіттердің шашының қайраттылығы мен қалыңдығын қалыпта ұстау үшін: су сабынмен жумас бұрын, сыра немесе майонез жағып қоюға болады. Содан кейін ғана қарапайым шаш жууға көшіңіз.

Реттелген сақал-мұртқыз алдында сенімділік береді.


Сәнге айналған сақал – мұрттың да өз күтімі мен уақыты болады. Егер, ұзын болса тарау, сипау. Ал, қысқа сақалды реттеу қиынға түспесе керек. Сіздің сәніңіз сымбаттылығыңызбен сәйкес бола түссін десеңіз, бет жүзіңізді ретке келтіріңіз. Мұрын мен көз айналасындағы түктерді көрген мезетте көзін құртыңыз. Бұл әдістің көмегі зор.

Қыздарға көп сыланып-сипанған жігіттер ұнай бермейді


Сұлу боламын деп, сән салонын қуып кететін ер жігіттерді де байқауға болады. Дегенменде, көпшілік қыздардың ер жігіттің бойынан бұл әдетін болмағанын қалайды. Көкірегінде намысы билеген қазақ жігіттерінің 11 пайызы үнемі сәнденуді әдетке айналдырған. Ал, 5 пайызы мәжбүрлікпен барады (тырнағындағы ақау, шашы жиі ағару т.б.). Мамандар бұл көрсеткіштердің жыл сайын өсіп келе жатқандығын ескертеді. Бет жүзіңізді күннен қорғап, үнемі тазартып отыру ер жігіттің сымбаттылығын сақтайды.

Аяқ киімнің тазалығы қыздың көзіне оттай басылады.


Қай ортада жүрсеңіз де аяғыңызға аса мән беріңіз. Қалтаңыздан аяқ киім тазалайтын арнайы жұмсақ шүберек алыстамасын. Қыздардың көзі жүзіңізге қарап тұрғанымен, қиығымен аяғыңызға назар салары сөзсіз.

Асылында, ерім маймылдан сәл әдемі болсын дейтін қыздардың да жігітке келгенде талаптары өзгеше. Сондықтан да, қызбен танысуға оқталсаңыз, алдымен біз ұсынған кеңесті оқып алыңыз.

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі