​КІРПІК «сынып», жұқарып жатыр ма? Қалпына келтіруге 5-10 минут жетеді

0
3 371

Ошаған майы, кастор майы және бадам майы кірпігіңіздің түптерін қатайтады және нәрлердіреді. Зәйтүн майын пайдалансаңыз да әсері керемет.


​КІРПІК «сынып», жұқарып жатыр ма? Қалпына келтіруге 5-10 минут жетеді

Кірпіктеріңіз жасанды сұлулыққа әбден үйреніп қалған шығар?.. Жасанды кірпік жалғаудың уақытша әдемілік сыйлауы мүмкін, бірақ, оның зардабын да естен шығармаған боларсыз.

Әрине, сізге сұлулық салонындағы шеберлер «дұрыс күтім жасай білсеңіз, кірпігіңізге зиян келмейді. Жасанды кірпік түскенде, шынай кірпігіңіз бірге түспейтін болады» деп сендірді ме?

Бірақ сіз сол күтімді дұрыс жасай алдыңыз ба? Міндетті түрде жасанды кірпіктің біреуі түскенде шынайы кірпігіңіз де қосылып түскенін өзіңіз де талай рет көрдіңіз ғой?

Ендеше сіздің кірпіктеріңізге шынында да мұқият күтім қажет. Жұқарып, сынып, кірпік жабыстыратын желімнің әсерінен әбден зардап шеккен кірпікке жаныңыз ашыса кем дегенде екі апта бойы нәтижелі күтім жасауға міндеттісіз.


Ол үшін не істеу керек?


Пайдалы майлар

Ошаған майы, кастор майы және бадам майы кірпігіңіздің түптерін қатайтады және нәрлердіреді. Зәйтүн майын пайдалансаңыз да әсері керемет.

Кірпіктеріңізге май жағуды күніне 2 рет жүзеге асырыңыз. Таңертең жұмысқа барарда боянатын болсаңыз, бетіңізге макияж жасаудан 10-15 минут бұрын жағып қоюыңыз керек. Ал, кешкісін макияждан тазартылған кірпігіңізге жатар алдын жақсаңыз болады.


Саусақпен уқалау

Күн сайын 5-10 минутыңызды бөліп, саусақтарыңызбен кірпіктің үстінен жеңіл уқалаңыз. Өйткені, мұндай «массаж» кірпіктің тамырында, яғни түбінде қанайналымы жақсарса, кірпіктің түсуі азаяды.


Қырмызыгүл (календула)+түймедақ

Осы екі өсімдікті теңдей мөлшерде араластырып, 200 мл қайнаған суға бұқтырып қойыңыз. 15 минуттан соң, ыдыстың қақпағын ашып, дәкемен сүзіп алыңыз. Осы дәрілік тұнбаға екі көзіңізге лайықтап екі қабаттап кесіп алынған дәкені (бинт) батырып аласыз да, көзіңізге қойып, компресс жасайсыз.


Маска

1 шай қасық ошаған майына 1 ас қасық қою етіп демделген қара шайды қосыңыз. Мақта дискілерін немесе дәкені алып, қоспаға батырып алыңыз. Қабағыңыздың үстіне қойып, біршама уақыт жата тұрыңыз. Жуып тастау міндетті емес.

Бұл масканы аптасына 3-4 рет жасап тұрсаңыз, кірпігіңіздің өсуі жылдамдайды.


Есте сақтаңыз:

Кірпігіңіздің төгілуі немесе сынуы айқын біліне бастаса, кірпікке арналған тущты қолданудан бас тартыңыз. Қаншалықты сапасы мықты болса да.

Сонымен қатар, кірпікке ғана емес, көзге жағылатын құрған тендерден де бас тарта тұрғаныңыз абзал.

Макияжды тазартуда тоник пен молочконы пайдаланыңыз. Бетіңізді жуып болған соң да қабағыңызды қатты ысқылап, уқалап сүртуден абай болыңыз. Сүлгіні қабақ үстіне жеңіл ғана басып өтсеңіз жеткілікті.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


АРТЫҚ салмағы бар қыз-келіншектердің киім таңдауда жіберетін 6 ҚАТЕЛІГІ


КӨК ПИЯЗ шашты ТҮСІРМЕЙДІ