​КӨКТЕМге дайындықтың 5 ҚҰПИЯсы

0
5 943

АҚПАН айы- арулар үшін көктемге дайындық мезгілі


​КӨКТЕМге дайындықтың 5 ҚҰПИЯсы

Әйел әрдайым әдемілікке, әсемдікке құмар. Көктем жақындап, күн жылына бастағаннан әйел де құлпырып, ерекше күйге бөленетіні рас. Өйткені, қыста біз терімізді ауа-райының жайсыздығынан, қолайсыздығынан қорғаймыз деп біраз еңбектенеміз. Күтім жасаймыз.

Қыста ғана теріге күтім қажет деп айтпаймын, бірақ жылдың жылы маусымдарына қарағанда теріміз ерекше күтімді қажет ететіні анық.

Оның үстіне суық ауа-райы жалпы денедегі, тері асты майдың өндірісін арттырады. Қыс бойы жиналған осындай «май бөлігі» тері тесіктерінің бітелуіне алып келеді. Егер терінің ластануы байқалса нәтиже екі есе.

Енді біз өз терімізді жаңа маусымға, яғни, көктем мезгіліне, ауа-райының өзгеруіне орай дайындауымыз керек. ҚАЛАЙ?

Қыстың соңғы айы-теріні көктемге дайындауды бастайтын уақыт.

Қыста тері оттегіні аз мөлшерде сіңіреді, өйткені жылы маусымдарға қарағанда, қысқы маусымда бөлме ішінде көбірек уақыт өткізуімізбен байланысты.

фото: salonveronika.ru

Жасушаларды қалпына келтірудің тиімді жолдарын үйреніп алғаныңыз өз өзіңізге жаныңыздың ашығаны, сұлулығыңызға немқұрайлы қарамағаныңыз.


ҰЙҚЫның қанық болуы маңызды

Кешкі тоғыздан таңғы беске дейінгі аралықта ұйқыға жатуға әдеттеніңіз. Кем дегенде сегіз сағаттық ұйқы теріңіздің саулығына айтарлықтай әсер етеді. Ұйқының аздығы теріні тиімді жаңартуға мүмкіндік бермейді.

Егер жұмыс жағдайыңызға қарай, ертерек ұйықтауға мүмкіндік болмаса міндетті түрде «түнгі кремді» (ночной крем) пайдаланыңыз. Бұл аз да болса теріңізге көмектеседі.

Шаруаларыңыздың барлығын тындырып, бірақ ұйқы келмей жатса, түймедақ немесе жалбыз шайын ішіңіз. Бұл шаршаған жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ертерек ұйықтауыңызға көмектеседі.


Теріні «тартатын» косметика ҚОЛДАНБАУ керек

Ақпан айында бұрын-соңды қолданбаған, бірақ байқап көргіңіз келетін косметиканы, әсіресе кремдерді экперимент жасап көрмей-ақ қойғаныңыз жөн. Бұл өте жағымсыз сезім тудырады, әрине тері үшін.

Себебі, мұндай уақытта тері тесігін «тарылту» дұрыс емес, керісінше біз теріні оттегімен байытуымыз қажет. Мұндай кезде барынша теріні таза ұстап, мүмкіндігінше жаңа эксперимент жасап көруден аулақ болғаныңыз жөн. Терідегі қызару, тырысу тері саулығына нұқсан келтіреді. Күн толықтай жылынған соң, тері оттегімен қаныққан соң, кез келген креміңізді байқап көруіңізге болады.


Міндетті түрде ПИЛЛИНГ

Ерте көктем-осындай процедуралардың мезгілі. Терідегі өлі жасушалардан толықтай арылып, «жаңа терімен» жаңа мезгілге қадам басу сіз бен біз үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды ғой.

Сондықтан ең болмағанда тұзды пиллинг жасасаңыз, теріңіздің балғындығын, жаңарғанын сезесіз. Өйткені, терідегі жиналған түрлі шлактардан, өлі жасушалардан арылып, заталмасуыңыз, қанайналымыңыз да жақсара түседі. Өз кезегінде бұлардың да терінің саулығына айтарлықтай әсері бар.


Теріні ҚОРЕКтендіру

Яғни, мезотерапияға ұқсас әсері болады, тері астына пайдалы дәрумендерді енгізу. Бұл әйел сұлулығының құпиясы. Теріні ылғалдандыру арқылы жүзіңіз жарқырап, әдемі көренсіз. Қыста теріміз көп ылғалды жоғалтуға мәжбүр болғандықтан, ең алдымен оның орнын толтыру қажет.

Коллагенмен, гиалурон қышқылымен және т.б. нәрлендіргіш кремдермен теріге арналған косметиканың көмегімен терінің су балансын қалпына келтіруге тырысыңыз.


фото: salonveronika.ru

Теріге МАССАЖ

Бұл да айтарлықтай көмектеседі. Әсіресе, қыс маусымында тері астына артық май жиналғанда оларды ыдырату үшін, салмақ тастауға да, сергектік сыйлап,өзіңізге деген сенімділігіңіздің артуына да септігін тигізеді.

Сонымен қатар дұрыс тамақтануға мән беріңіз, денеңіздің проблемалық аймақтарына мән беріп, кемшіліктеріңізді жоюға талпыныңыз. Целлюлитпен күресуде де ынталы болыңыз.

Өйткені көктем жақындап келеді. Жеңіл киімдерге ауысып, денедегі артық майды жасырып немесе бетіңіздегі келеңсіздіктерден қысылып жүрмес үшін осы мезеттен дайындыққа кірісіңіз. Сәттілік!

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

8 түрлі ӘДЕТ әйелді ӨЗГЕДЕН де СҰЛУ ЕТЕДІ

КУШОНның ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ