Күннен қорғайтын кремді таңдаудағы 4 қателік

0
3 230

​Жаз маусымы енді келді, сондықтан күннен қорғайтын крем сатып алуға әлі кеш емес.


Күннен қорғайтын кремді таңдаудағы 4 қателік

Жаз маусымы енді келді, сондықтан күннен қорғайтын крем сатып алуға әлі де кеш емес. Оларды дұрыс таңдау үшін бүгін сіздерге біз көп жіберетін 4 қателікті айтамыз!

1. Әдетте күннен қорғайтын кремдерді таңдауда біз қораптағы сандарға мән береміз. Бірақ тек SPF-ті ғана емес, ультракүлгін сәулелерден де қорғайтынына назар аударған жөн. Олардың UVA, UVB және UVC деген үш түрі болады.

1.Бізде ең "күштісі" жақсы қорғайды деген түсінік қалыптасқан. Мысалы "+50" болса, демек жақсы әсер етеді деп ойлаймыз. Асылында бұл қате пікір, сол себептен мұқият таңдаған дұрыс. Күннен қорғайтын факторлар үшке бөлінеді. 10-15 – базалық, 15-25 – орташа және 30-50 – жоғары.

3. Барлығы үшін бір ғана иісмай пайдалану дұрыс емес. Терілеріңіз әртүрлі болғандықтан өзіңізге, балаларыңызға арнайы кремдер сатып алу қажет.

4.Тек көрінетін жерлерге крем жағу да қателік болып табылады. Киім бізді күннен қорғай алмайды. Сондықтан денеңіздің барлық бөлігіне крем жағыңыз.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ