Күннен ҚОРҒАЙТЫН құрал қолдануда жіберетін 10 ҚАТЕЛІК

0
3 633

Теріңіз күйіп, дақ түсіп, қартайып бара ма?


Күннен ҚОРҒАЙТЫН құрал қолдануда жіберетін 10 ҚАТЕЛІК

Күннен қорғайтын қүралдарды қолданасыз, сонда да ультракүлгін сәуленің зиянды әсерін сезіп жүрсіз бе? Теріңіз күйіп, дақ түсіп, қартайып бара ма? Ендеше, SPF құралды қолдану барысындағы әрекеттеріңізді дұрыстап бақылап көріңіз. Мүмкін, бір жерден қателік жіберіп жатқан боларсыз?


1-қателік: SPF құралды дұрыс таңдамау

Күннен қорғайтын құралды таңдау барысында өз теріңіздің фототипін ескеру маңызды. Түрлі фототипке сәйкес келетін құралдардың қорғаныс деңгейі түрліше болады:

SPF 6?10 (базалық немесе төменгі қорғаныс) – қараторылар үшін;

SPF 15?25 (орташа деңгей) – бидай өңділер үшін;

SPF 30?50 (жоғары деңгей) және SPF 50+ (өте жоғары қорғаныс деңгейі) – аққұба және сары реңділер үшін.


2-қателік: Құрамындағы химиялық қоспалар

SPF құрал таңдағанда құрамына да мән беріңіз. Егер онда химиялық қоспалар басым болса, пайдасынан зияны көп деген сөз. Айталық, оксибензон гормоналдық өзгеріске ұшыратса, ретинил пальмитат немесе А дәрумені теріге зақым келтіреді. SPF құрал құрамында аталғандардан басқа да аллергендер болуы мүмкін. Сондықтан, мүмкіндігінше химиялық емес, физикалық күннен қорғайтын сүзгіге ие түрін таңдаған абзал. Олардың құрамындағы белсенді заттар негізінен мырыш және титан диоксиді болып келеді.


3-қателік: Алдын ала жақпау

Кез келген жақпамайдың теріге сіңуі үшін уақыт керек. Күннен қорғайтын кремнің де теріге терең сіңіп, өз қызметіне кірісуі үшін кемінде 10-15 минут қажет. Сондықтан, дәл сыртқа шығардың алдында немесе жағажайға барған соң жағу да кезекті қателік. Кремді жаққан соң жарты сағаттай күн көзіне шықпай күткен дұрыс.


4-қателік: Дененің барлық бөлігін қорғамау

SPF құралды дененің ашық бөліктеріне ғана жағып қою жеткіліксіз. Жаздық жұқа киімдер де күннің зиянды сәулелерін өткізеді. Сондықтан, бет пен мойын, білекке ғана емес, бүткіл денеге жаққан артықтық етпейді. Әсіресе, күн астында ұзақ уақыт жүретін болсаңыз. Сондай-ақ, күннен қорғайтын крем жағу кезінде құлақ, көз айналасы, желке, табан секілді бөліктерді де елеусіз қалдырмаңыз.


5-қателік: Шаш пен бас терісін ескермеу

Шаш пен бас терісі де қорғауыңызға мұқтаж. Себебі, күн сәулесін бірінші болып қабылдайтын солар. Алайда, күннен қорғануда оларды естен шығарып жатамыз. Зиянды сәуледен қорғау үшін шашыңызға да қорғаныш қасиеті бар құралдар қолданып, баскиім киіп жүрген жөн.


6-қателік: Құралды жеткілікті мөлшерде қолданбау

Кез келген күннен қорғайтын құралдарды молынан жағу қажет. Сондықтан, оны үнемдеуге тырыспаңыз.

7-қателік: Жаңартып жақпау

Кез келген күнен қорғайтын крем жаңартуды қажет етеді. әсіресе, суға түсіп шыққаннан соң. Құрғақ теріге қарағанда ылғал тері жылдам күйетінін есте сақтаңыз. Күннен қорғайтын құралдың қаптамасында суға төзімді екені жазылса да, судан шыққан соң қайтадан жағып алыңыз. Ал, шомылмаған жағдайда әр 2-3 сағат сайын жаңартып жағып тұрыңыз.

8-қателік: Күннен қорғайтын құралды ғимаратта қолданбау

Күн сәулесі шыныдан өтпейді деу қате. Көлікте немесе жұмыста терезенің жанында отырсаңыз, теріңіз қорғанысты қажет етеді. Сондықтан жаз мезгілінде күннен қорғайтын құралдарды күнделікті жағып шыққан жөн.


9-қателік: Бұлтты күні және көлеңкеде сақтанбау

Аспан бұлтты, күн көзі көрінбейді деп қорғаныш кремді жақпай қоюға тағы болмайды. Бұлт сіздің теріңізді ультракүлгін сәуледен қорғай алмайды. Сондай-ақ, бастырма, шатыр асты не тал түбі болсын, қандай көлеңкеде отырсаңыз да, бүл күннің зиянды сәулелері теріге зақым келтіре алмайды деген сөз емес.


10-қателік: SPF құралды дұрыс сақтамау

Сіздің күннен қорғайтын креміңіз көбіне қайда тұрады? Қолсөмкеге салып, үнемі өзіңізбен алып жүрсеңіз, жақсы. SPF құралын автокөлік қобдишасында сақтайтындар да бар. Күн ысыған кезде ондағы ауа температурасы 40-500С-ға дейін жетеді. Осындай ыстық жерде қалып қойған крем жарамсыз болып қалады. Негізгі қызметін дұрыс атқарсын десеңіз, құрғақ, тікелей күн сәулесі түспейтін, ыстық емес жерде сақтаған абзал.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ОРАМАЛ тағатын аруларға 10 КЕҢЕС