​Қыста шашқа дұрыс күтім жасау МАҢЫЗДЫ

0
2 532

НЕЛІКТЕН?


​Қыста шашқа дұрыс күтім жасау МАҢЫЗДЫ

Оның бірнеше себептері бар. Ең негізгісі сырттағы суық ауа мен бөлме ішіндегі құрғақ, ыстық ауа шашты әлсіретеді. Соның әсерінен шаш сынғыш және түсі өзгеріп, жұқарып кетеді. Бұл әрине, шаштың әдемілігіне кері әсер етеді. Сондықтан, қыста шашқа қосымша күтім жасау керек.


Қыста дәрумен тапшылығы да байқалады. Тек қана ағза үшін емес, шашымызға да дәрумен қажет екенін білетін сұлулар мұның алдын алады, дәрумен тапшылығына бой алдырмауға тырысады. Қыс мезгілінде шаш температураның жиі өзгеруінен зардап шегетін болғандықтан, біз оған қалай көмек бере аламыз?


Ең алдымен, шашқа күтім жасауда ең маңызды ережелерді есте сақтаңыз:



* Шаштың ұштанған бөліктерін қырқып тастау.

* Шашыңызды жуғаннан соң, дұрыс кептіруге мән беріңіз. Шашты шашкептіргішпен кептірудің зияндылығы жайлы білесіз. Сондықтан, бос уақытыңыз барда, шаштың өздігінше кебуіне мүмкіндік беріңіз. Алайда, бұл шарт қыс ауасында жарамайды. Өйткені, шаштың өздігінен кебуін күтемін деп бас терісін салқындатып алуға да болмайды. Шаш түптерін қатты кептіріп, ыстық ауамен (феннің көмегімен) құрғатпаңыз. Себебі, шаштың өзегі құрғап кетсе, шаш төгіліп түсе бастайды.

* Егер шаш кептіргішпен кептіруге тура келсе, термоқорғау құралын қолданыңыз. Бұл құрал суық мезгілде шаштың құрғап кетуінен сақтайды.



* Шаш кептіргіш құралмен кептіріп алған соң, бірден далаға шығуға болмайды. Өйткені, температураның күрт төмендеуі шаш талшықтарындағы спазмның пайда болуына жол ашып береді. Сондықтан, шаштың «салқындағанын» күтіңіз. Одан кейін бас киіміңізді киіп, далаға шығуыңызға болады.

* Суық ауа-райы басталған сәттен бастап, тері де, шаш та өзінің ылғалдылығын жоғалта бастайды. Бұған 2 фактор әсер етеді. Ауа-райының салқындығынан үйді жылыту құрылғыларын іске қосу ауаны құрғатады. Соның әсерінен шашқа да керекті ылғалдылық жетіспейді. Сондықтан, шашты ылғалдандырушы маскаларды қолданғаныңыз жөн.

* Суықтан қорғайтын спрейді сөмкеңізге салып жүріңіз. Сыртқы факторлардың кері әсерінен қорғайтын шашқа арналған қорғаушы спрейді суыққы шығар алдында шашыңызға сеуіп шығыңыз.

Антистатикалық әсері бар спрей болса тіптен жақсы. Өйткені, қыс мезгілінде шаштың физикалық процесске сай «электрленуі» көбейеді.

*Бас киімді «басып» кигеннен шашыңызды жиі жууға тура келетін болғандықтан, ылғалдандырғыш және нәрлендіргіш құрамы бар жұмсақ жуғыш қоспасы бар сусабындарды қолданыңыз.

*Егер бас терісі құрғақ болса, бас терісіне және шаш түптеріне қосымша нәрлендіруші майларды пайдаланыңыз.

*Шаштағы дәрумендердің жетіспеушілігі байқалса, алдымен трихолог маманның кеңесіне жүгінгеніңіз жөн. Себебі, артық дәрумендер де зиянын тигізбей қоймайды.

* Бөлме ішінде отырған кезде бас киімді шешіңіз. Осылайша шаш терлемейді және тез майланудан сақтайды.


(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


* Табиғи қылшықтары бар ағаш тарақты қолданыңыз. Пластикалық тарақтармен шашты тарау қиын. Олар шатасады, электрленеді, оңай зақымдалады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


МОЙНЫМ әдемі болсын десеңіз


Бетті ДҰРЫС жуудың ТЕХНИКАСЫн үйреніңіз