​ҚЫСтың күні МАКИЯЖ жасауда мән беретін 5 ЖАҒДАЙ

0
2 034

Ол үшін не істеу керек?


​ҚЫСтың күні МАКИЯЖ жасауда мән беретін 5 ЖАҒДАЙ

фото: today.line.me

Суық маусымдарда маңызды болуы тиіс бірнеше макияж жасау шарттарын ұмыт қалдырмағаныңыз жөн.

Адам терісі үшін жаздың аптап ыстығы да, қыстың ызғарлы суығы да зиянсыз деп айта алмаймыз. Табиғаттың мұндай құбылыстарына тек қана асқан төзімділікпен, өз терімізге күтім жасап, ауа-райының қолайсыздығынан қорғау арқылы қарсы тұра аламыз.

Егер күннің ыстығында бетке жасалған макияждың дұрыс жасалмауы бояудың бетте «ағып», ұсқынсыз күйге түсіретіні рас болса, күннің аса суық кезеңінде, қыс айларында бұл мәселелер азаяды деген сөз емес. Керісінше, қыс мезгілінде макияждың жасалу ерекшеліктеріне мән бермесеңіз, жағдай одан сайын қиындай түспек.

Теріде бірнеше мәселелердің туындауына жол беріп алмаңыз. Мысалы, қыста макияждың дұрыс жасалмауы салдарынан терінің құрғауы, беттің қызаруы, кірпікке жағылған бояуыңыз суық ауа райының әсерінен кірпігіңізге зиянын тигізіп, жұқарып, сынып түсуіне әкелуі мүмкін.

Егер сіз әр мезгілдің өзіне сай макияж жасау тәртібін білсеңіз, мұндай мәселелердің алдын аласыз. Сондықтан, «қыс мезгіліндегі макияж жасауда нені ескеру қажет?» деген сұраққа жауапты да білуіңіз шарт.


Ол үшін:

«ЫЛҒАЛДАНДЫРУ» режимі

Қыста бетке тональді крем пайдалану тек қана құрғақ тері үшін ғана емес, майлы бет терісіне ие адамдар үшін үлкен маңызға ие болды. Себебі, суық ауа терінің құрғауы, қызаруы, қабыршақтанып, «жарылуына» жағдай жасайды. Сондықтан, нәрлендіруші және ылғалдандырушы кремдер мен тональді кремдердің көмегіне көптеген қыз-келіншектер жүгінеді.


фото: tkaner.com


ЖЫЛЫТУ қабаты

Нәрлендіруші тональді кремді қолданғаннан кейін, оның үстінен опа жағу маңызды. Бұл тері мен сыртқы факторлардың ортасында өзіне қолайлы жағдай жасайды. Яғни, жылыту қабатын қалыптастырады.

Сыртқы ауаның суықтығынан теріні қорғаудың бір амалы осылай «жылыту қабатын» орнатып, бет терісіне опа жағу міндетті.

Бұл теріні қорғап қана қоймайды, макияжыңыздың да ұзақ уақыт бұзылмай тұруына көмектеседі.


ҚЫЗАРУды «жасыру»

Егер сіздің теріңіз суыққа төзімсіз, нарттай қызарып кете беретін болса, оны болдырмау үшін консилерді пайдаланыңыз. Әрине, мұны тональді крем жақпастан бұрын бет терісіне жағу қажет.


Көз макияжы

Көз - адамның айнасы, бүкіл сұлулығын айқындаушы. Көздің әдемі болуы үшін сұлулар көз бояуынан ешқашан бас тартпасы анық. Бірақ, қыс мезгілінде көзді бояу үшін ескеретін дүние бар. Өйткені, суық ауа райында көздің жасаурауы табиғи құбылыс. Сондықтан, қыста көзге макияж жасау үшін суға төзімді көз бояуларын қолданғаныңыз дұрыс. Көз қиығын айқындаушы қаламның да гель түріндегісі, кірпікке арналған туштың да сапалысы сіздің макияжыңыздың бұзылмауына кепілдік береді.



фото: russian.alibaba.com

ЕРІНді ылғалдандырушы өнімдер

Қыста ерінге жылтыр далап (блеск) жағу дұрыс емес. Өйткені ол нәзік теріні суықтан қорғай алмайды және суықта керісінше қатып қалады. Ең дұрыс тәсіл – құрамында ылғалдандырушы қоспалары бар ерін бояулары.

Шын мәнінде сапалы ерін далабы қыстың суығынан құтқарушы өнім болып табылады. Ал, ерінге арналған әртүрлі бальзамдар зақымданған ерінді емдейді. Оның құрамында тек қана майлар емес, теріні емдеуші, қорғаушы, қалпына келтіруші қоспалар бар. Сондықтан, ерінге арналған бальзамдарды тек қана ерін үшін емес, жақ сүйектері маңайына да пайдалануға болады. Суықтан қызарған бет терісінің қай жері болса да осы бальзам қызаруды бәсеңдетуге көмектеседі.


Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,


ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СІЗ өз тәніңізді СҮЙЕСІЗ бе?


ГИДРОФИЛЬДІ МАЙдың қандай пайдасы бар?